Биыл Сингапурде бірнеше мешіт қайта жөндеуден өтеді (фото)
|
Үстіміздегі жылдың наурыз айының 12-і күні Малайзияның мұсылман істері жөніндегі министрі, доктор Жақып Ибрагим Сингапурдың жаңа салынған Tampines North ауданында мешіт тұрғызылатынын сүйіншіледі. Сонымен қатар, Сингапурдағы бірнеше мешіттің қайта жөндеуден өтетіні белгілі болды. Мәселен, қайта жөндеуден өтетін мешіттердің бірі – «әл-Ансар» ғибадат ғимаратында алдағы уақытта 4500 мың мұсылман бір мезгілде құлшылық ете алатын болды. Бұрын бұл мешіт бар-жоғы 1000 адамға ғана шақталған болатын. Ал келесі жылы Tampines ауданында орын тепкен «Дарул Гхуфран» мешіті де жөнделіп, 1000 адамға шақталған қосымша орын ашылады. Жалпы алғанда алты жылдың ішінде ұзын-саны 6 мешіт жөнделсе, 5 мешітке биыл жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек болады.
«әл-Ыслақ» мешіті
«Дарул Ғуфран» мешіті
Tampines North жаңа ауданы
Мөлдір михрабты жалғыз мешіт (ФОТО)
Мөлдір михрабты бұл мешіт Индонезияның Бандунг қаласында орналасқан. 2010-жылы тұрғызылған құлшылық ордасының әлемдегі басқа мешіттерден ерекшелігі – құбылаға қабырғасы түгелдей мөлдір шыныдан салынған. Мешіттің атауы – әл-Иршад.
Мешіт арнайы блоктардан құралған, олардың кейбірінің іші қуыс болып келеді. Бір жағынан бұл ауа тазарту жұмысына септігін тигізсе, кеінші жағынан сәндік мақсатта қолданылған. Егер анықтап қарар болсаңыз, блоктардан кәлима шаһаданы аңғарар едіңіз.
Ал, кешкі уақыттарда мешіттің ішкі жарығы ғимаратты самаладай жарқыратып көрсетеді.
Тағы бір ерекшелігі бұл құлшылық ордасында Исламның дәстүрлі сәулеті – күмбез орнатылмаған.
Алайда, әл-Иршад мешітінің басты сәулет ерекшелігі – мөлдір михрабында. Михраб іші сумен толтырылып, ортасында Алла Тағала есімі жазылған темір шар орнатылған.
Мөлдір михрабтың арғы бетінен табиғаттың әсем көрінісін тамашалауға болады.
Михрабтың кескін сызбадағы көрінісі.
2010-жылы әл-Иршад мешіті Индонезияның ең әсем ғимараты болып бағаланады.