Бала суға батқанда белгі беретін білезік пайда болды
Бала суға батқанда белгі беретін білезік пайда болды
9 жыл бұрын 3641

Ресейлік ғалымдар ата-аналарға балаларының суға батып бара жатқаны туралы белгі беретін білезік ойлап тапты.

"Бұл құрал қауіпті тез "сезеді" - қолдарын үрейлі сермеу, жиілеп кеткен жүрек қағысы ата-аналарға балаларының қауіпті жағдайға түскені туралы хабарлайды. Білезік бала судың бетінде тұншыға бастаған сәтте-ақ іске қосылуы тиіс", - деді аталмыш жобаны қолға алған Том университетінің қызметкерлері. Электрондық құрылғыны ылғалдан герметикалық қабығы қорғайды. Бұдан басқа, құрылғыға бала су астына кеткен жағдайда судың бетінде көрінетін арнайы жалауша бекітілген, бұл өз кезегінде суға батқан баланың құтқарылу мүмкіндігін арттырады. Білезік 120 метрге дейінгі қашықтықта радиобелгі бере алады. Құрылғылар жұптап шығарылмақ: балалар білезігі қауіп төнгені туралы ақпарат таратса, ата-аналарға арналған білезік дабылды қабылдайды.

0 пікір
Мұрағат