Құрғақшылық жайлаған араб елінде мал басы күрт кеміп барады
Құрғақшылық жайлаған араб елінде мал басы күрт кеміп барады
1 ай бұрын 1522 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мароккодағы ірі қара мен қой саны соңғы он жылда 38%-ға кеміп кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы El Bouari ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің ауыл шаруашылық министрі Ахмет әл Буардың келтірген дерегіне қарағанда, алты жылға созылған құрғақшылықтан су қоймаларының табаны кеуіп кеткен. Ауыл шаруашылығындағы жұмыс орны қысқарған. Осыған байланысты теңіз суын тұшшыландыру бастамасы өзекті мәселеге айналған. Осылай деген министр жауын-шашын тапшылығы соңғы үш он жылдағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 53%-ға жеткенін мәлімдеді. Жаһандық жылынудың осындай кері салдарынан Марокко мал басы мен ет өнімдерінің импортын арттыруға мәжбүр болып отыр. Соның ішінде ірі қара мен қой, түйе және ет өнімдерінің кеден салығы мен қосымша құн салығы салынбайды. Осы жылдың қаңтар айының бері Марокко 124 мың қой, 21 мың сиыр, 704 тонна етті сырттан сатып алуға тура келген. Ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыру үшін. Дүккала және Сусс-Масса сияқты негізгі ауыл шаруашылығы өңірлерінде ирригациялық бөгеттерді толтыру деңгейі өте төмен деңгейде, ал толтыру коэффициенті тиісінше 2% және 15% -ды ғана құрайды. Ұлттық су қоры өз сыйымдылығының 26% -ға дейін қысқарды. Осындай етектен тартқан қиындықтарға қарамастан, жұмсақ бидай, қатты бидай және арпа өсіруге бөлінген алқап көлемі 2,6 миллион гектарға дейін ұлғайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,4 миллион гектардан сәл артық. 2024 жылғы құрғақшылық астық өніміне айтарлықтай әсер етіп, өндірісті 3,1 млн тоннаға дейін қысқарды, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 43% -ға аз.

0 пікір
Мұрағат