Қырғызстанда әлемжелі мен БАҚ-та жала жапқандар мен тіл тигізгендерді жазаға тартатын заң қолданысқа енді
Қырғызстанда әлемжелі мен БАҚ-та жала жапқандар мен тіл тигізгендерді жазаға тартатын заң қолданысқа енді
1 ай бұрын 826 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2025 жылдың ақпан айының 10-нан бастап әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында өзге біреуге жала жапқандарды және тіл тигізгендерді әкімшілік жауапкершілікке тартатын заң қолданысқа енді. Бұл жайында islam.kz порталы yenisafak.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес мұндай әрекеттер үшін жеке тұлғаларға 20 мың сом (225 АҚШ доллары) және заңды тұлғаларға 65 мың сом (730 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынды. Аталған заңның бастамашысы болған ҚР мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі БАҚ және интернет-ресурстар арқылы адамның жеке басын қорлау фактліренің көбьейп кеткенін алға тартып отыр. Осындай құқық бұзушылықтар бойынша хаттамаларды ішкі істер органдарының қызметкерлері толтырады, содан кейін іс сотқа жіберіледі. Десе де аталмыш түзетуге қарсы шыққан құқық қорғаушылар мен депутаттар да болды. Мәселен, Жәмила Жаманбаева есімді құқық қорғаушы бұл заң сөз бостандығын шектеуі мүмкін екенін ескертеді. Ал депутат Дастан Бекешев бұл заң қоғамның үнін басып тастауы мүмкін екенін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат