Билл Гейтс жел электр стансасының мүлдем тың әрі ең тиімді жобасына инвестиция құйды
Билл Гейтс жел электр стансасының мүлдем тың әрі ең тиімді жобасына инвестиция құйды
6 ай бұрын 548 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жаңғыртпалы энергия көздерінен энергия өндіруде кеңінен қолданылатын жел электр стансасының мүлдем жаңа үлгісін жасауға табаны күректей жеті жыл бойы күш салып келе жатқан Airloom компаниясы ойламаған жерден олжаға кенелді. Дәлірегі, тың жобасы үшін Билл Гейтске тиесілі Breakthrough Energy Ventures қорынан 4 млн доллар қаржы алды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Airloom компаниясының бұл тараптағы жобасы стандартты жел турбиналарының негізгі кемшіліктерінен ада. Мұндай трубиналарды салу қиын, орнату және қызмет көрсету одан да қиын, пайдаланылған бөлшектерді кәдеге жарату кезінде де қиындықтар кездеседі. Сонымен қатар, жел турбинасының тиімділігі ең сәтті үлгілер мен орналасу орны  бойынша 35% -дан аспайды. Airloom жел стансасы кабелі бар жылжымалы рельстер арқылы бір-бірімен байланыстырылған діңгектердің сопақшасына ұқсайды. Кабелде жел қысымын ұстап тұратын және кабелді қозғалысқа келтіретін тік желкендері бар. Құрылым шеңбер бойымен қозғалады, кабелдің қозғалысы генераторды айналдырады. Бұл жүйе желдің кез келген бағытында мен желдің екпінінде жұмыс істейді - кейбір желкендер желсіз аймақта болса, басқалары бүкіл құрылымды тартады. Мұндай электр стансасының құны алып жел турбинасы бағасының 10 пайызын ғана құрайтыны айтылған хабарда. Өндірілген электр энергиясының түпкілікті бағасы жел қондырғыларынан алынатын энергия бағасының үштен бір бөлігінен де төмен. Бұл жүйе рельефке біріктіріліп, кез келген жолмен масштабталады (ауқымдалады, дәлірегі, жалпағынан ұлғайтылады) және құрлықта және теңізде пайдалануға жарамды.

Airloom

Airloom

0 пікір
Мұрағат