|
Қытайда әлемдегі ең жылдам интернет қосылды
|
Қытайда секундына 1,2 терабайт деректі бере алатын ең жылдам интернет іске қосылды. Бейнелеп айтқанда, бір секунд ішінде HD-форматында 150 фильмді жүктей аласыз. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде scmp.com ақпарат көзіне жөн сілтеген knife.media сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бейжің мегаполисі мен Гуанжоу қаласы арасына талшықты-оптикалық кабел тартылды. Оның ұзындығы 3 мың шақырымнан асады. Осы жылдың шілде айында кабел желіге қосылып, енді ғана толыққанды іске қосылғаны хабарланды. Бұл бірегей желі Қытайдың болашақ интернет-технологиялық инфрақұрылымының (FITI) бір бөлігі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді