Билік өкіліне қарсылық көрсеткендердің жазасы күшейтіледі
Билік өкіліне қарсылық көрсеткендердің жазасы күшейтіледі
3 жыл бұрын 1710 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбек билігі биліктің ресми өкілі мен азаматтық парызын орындап жүрген тұлғаға қарсылық көрсеткендерге қолданылатын жазаны күшейтті. Бұл тараптағы тиісті өзгертулер аталған елдің әкімшілік және қылмыстық кодекстеріне енгізілді. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, қызмет бабындағы билік өкілінің немесе азаматтық парызын орындап жүрген тұлғаның құқықтық талаптарға сай қызметіне кедергі келтірген немесе белсене қырсылық көрсеткен адамға Өзбекстан республикасының Қылмыстық кодексінің 219 бабына сай 50-ден 100 базалық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады немесе 360 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа/ 3 жылға дейін түзету жұмыстарына жегіледі немесе 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығы шектеледі/ 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, аталған елдің әкімшілік және қылмысьық кодекстерінің 194-ші бабына да тиісті өзгертулер енгізілді. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талабын орындамаған жағдайда 1-ден 12 (бұрын ½-ден  2-ге дейін) базалық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Бір жыл ішінде сондай құқық бұзушылық қайталанған жағдайда 12-ден 15-ке дейін базалық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады бұрын 2-ден 3-ке дейін болатын). Бұдан бөлек, Өзбекстан Республикасының ұлттық ұланның әскери қызметкерінің заңды талабын орындамағандар Әкімшілік кодексінің 194-ші бабаның 1-ші тармағына сай айыппұл арқалайды.Ішкі істер органы мен Ұлттық ұлан қызметкерлерінің қызмет бабында жүргенде олардың қызметіне кедергі келтіріп, қарсы әрекет еткендерге 3-тен 20-ға дейін базалық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады (бұрын 3-тен 5-ке дейін еді). Әкімшілік кодексінің 198-ші бабына енгізілген өзгертулерге сәйкес ресми билік өкілінің қызмет бабындағы заңды талабын орындамағандар немесе елемегендерге 1-ден 12-ге дейін базалық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады (бұрын ½-ден 1-ге дейін болатын), ал лауазымды тұлғалар үшін 3-тен 15-ке дейін базалық есептік көрсеткіш бойынша (бұрын 1-ден 12-ге дейін болатын). Егер осындай құқық бұзушылық қайталанатын болса, айыппұл мөлшері артады: 12-ден 15-ке дейін базалық есептік көрсеткіш бойынша  (бұрын 1-ден 3-ке дейін еді); ал лауазымды тұлғалар үшін 15-тен 20-ға дейін базалық есептік көрсеткіш бойынша (бұрын 3-тен 5-ке дейін болатын).

0 пікір
Мұрағат