Жаһандық жылынудан ең көп зардап шегетін ұлт аталды
Жаһандық жылынудан ең көп зардап шегетін ұлт аталды
3 жыл бұрын 1911 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Үнділер жаһандық жылыну алдындағы ең дәрменсіз ұлт ретінде аталды – адамзат қарасының жартысы аптап ыстыққа байланысты қатер астында өмір сүріп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына жөн сілтеген Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта ғалымдар 1983-2016 жылдар аралығын қамтитын, әлемнің әр түкпіріндегі 13115 қаланың ауа райына статистикалық сараптама жүргізген екен. Ғалымдар бұл сараптамада ауа температурасы мен ылғалдылығын, желдің екпіні мен жылудан болатын сәулелену деңгейін есеретін WBGT индексін пайдаланған болатын. Аталмыш индекс, сонымен қатар, «Ылғалдылық термометрі» (wet bulb index) деп те аталады. Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның мәлімдеуінше, аталған «термометрдегі» көрсеткіш Цельсия бойынша 30 градустан асса, адам аптап ыстықтан болатын түрлі аурулардан өлу қатері жоғарылайды. Халық саны бойынша екінші орында тұрған соңғы 30 жыл бойы жаһандық жылудың негізгі соққысына тап болып келеді. Тура мағынасында. Бір өкініштісі, бұл тенденция тереңдей бермек. Әсіресе, қалалық жерлерде. Бұл тараптағы зерттеуге атласысқан авторлардың бірі Калифорния университетінің Келли Кейлор (Kelly Caylor) есімді ғалымы мақаласында әлем бойынша әрбір бесінші адам 30 жыл бойы қалалық жердегі аптап ыстықтан зардап шегіп келе жатқанын жазыпты. Үндістанда аталмыш зерттеуде қамтылған 50 қаланың 17-сі климат өзгерісінен ең қатты зардап шеккен. Бұл рейтингте бірінші орыннан Бангладеш астанасы Дакка қаласы көрінсе, екінші орынға Нью-Дели мегаполисі жайғасқан.

0 пікір
Мұрағат