"Х вирусы" пайда болуы мүмкін. Йезо: Аса қауіпті жаңа вирус тарауда
"Х вирусы" пайда болуы мүмкін. Йезо: Аса қауіпті жаңа вирус тарауда
3 жыл бұрын 1488

Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) басшысы Гао Фу қоғамдағы ғылым мен технологияның халықаралық форумында болашақта міндетті түрде вирустың жаңа түрі пайда болатынын мәлімдеп, оған қарсы тұру үшін қажет іс-қимыл ұсыныстарын айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz порталы РИА Новости ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. 

Гао Фудың сөзінше, болашақта дүние жүзінде "Х вирусы" пайда болады, алайда ол туралы әзірше мәлімет жоқ және ол кез келген жерде, кез келген уақытта пайда болуы мүмкін.  

"Адамзат болашағы үшін проблеманы бірге шешу маңызды. Осыған байланысты "төрт С қағидасын" ұсынамын: серіктестік, бәсеке, қарым-қатынас немесе ақпарат алмасу, үшінші жақпен үйлесім табу", - дейді сарапшы.   

Жоғарыда аталған қағидадан сарапшы ақпарат алмасуды ерекше атап өтті, себебі Қытай тарапы берген ашық ақпарат аз ғана уақыт ішінде коронавирусқа қарсы вакцина дайындап шығуға мүмкіндік берген.  

"Дүние жүзі тек коронавирус пандемиясы мәселесімен емес, инфодемияға тап болды, яғни белсенді ақпарат пен жалған ақпарат араласып кетті. Салдарынан түрлі қауесет пен проблема туындап, оны шешуімізге тура келді", - дейді маман. 

Йезо: Аса қауіпті жаңа вирус тарауда

Жапон ғалымдары бұрын белгісіз инфекция тудырған жаңа ауруды тапты. Мамандар анықтай алған "Йезо" деп аталатын жаңа вирус кене шаққанда жұғатынын анықтады. Бұл зерттеу нәтижелері Nature Communications журналында жарияланған.

2014 жылы Жапонияда белгісіз патогенді жұқтырудың алғашқы жағдайлары тіркелген. Ал 2020 жылға дейін ұқсас белгілері бар жеті науқас ауруханаға түскен еді. Аурудың белгісі дене қызуының жоғарылауымен сипатталды, науқастардың қанында лейкоциттер мен тромбоциттер саны азайып кетеді.

Жапон зерттеушілері екі науқастың қан үлгілерінен вирусты бөліп алып, қарастырған. Ғалымдар жұқтырған адамның қаны Ortonairovirus тектес бұрын белгісіз қоздырғышы бар екенін анықтады. Бұл түрге сонымен қатар Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының вирусы кіреді.

2019 жылы кене шаққан соң дене қызуы көтерілген Хоккайдо аралындағы ауруханаға екі науқас жеткізілген. Қан анализі кене шаққан адамдарға белгісіз вирус жұққанын көрсетті. Осыдан кейін ғалымдар 2014 жылдан бері ұқсас белгілері бар науқастардың қан үлгілерін қайта тексерді. Зерттеушілер "Йезо" инфекциясының жеті жағдайын анықтады.

Вирустың көзін анықтау үшін зерттеушілер осы аймақтағы жабайы жануарлардан алынған үлгілерді скринингтен өткізді. Вирустың негізгі көзі кене екені анықталуда.

"Адырна" ұлттық порталы

0 пікір
Мұрағат