Батыс елдері гендерлік саясатындағы қателікті түзетуге кірісіп кетті
Батыс елдері гендерлік саясатындағы қателікті түзетуге кірісіп кетті
2 жыл бұрын 2280 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Франция парламенті адамның төсек қатынасындағы бағдарын (сексуалды ориентация) өзгертуге бағытталған қайшылыққа толы тәжірибені – конверсиялық терапияны қылмыс санатына жатқызатын заң жобасын мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң Франция президенті Еммануел Макрон қол қойған күннен бастап 14 күннен соң қолданысқа енеді. Аталмыш заң жобасына ел президенті twitter әлеуметтік желісінде мынадай пікір білдірген екен: «Біз бұл шешіммен мақтануымыз керек. Жаратылысыңа сай болу – қылмыс емес». Аталған заң жобасының қабылдануына парламенттің төменгі палатасының 142 депутаты бірауыздан дауыс берген ешкім қарсы болмаған. Бұл өзгерісті жоғарғы палата да көп қолдау тапқан – 305 адам жақтап, тек 28-і қарсы шыққан. Аталған заң талаптарына сәйкес кәмелет жасына толғандардың «төсек қатынасындағы бағдарын немесе гендерлік бірегейлігін өзгертуге бағытталған әрекет» жасағандар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады әрі 30 мың еуро мөлшерінде айыппұл салынады. Ал кәмелет жасына толмағандарға осынау жиіркенішті әрекет қолданылса, айыпты тұлға үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады әрі 45 мың еуро айыппұл салынады. Сөз орайы келгенде мұндай заң Канада, Бразилия, Эквадор, Мальта, Албания, Германияда қабылданғанын айта кетпекпіз. Францияда мұндай заң гомосексуализмді қылмыс санатынан алып тастағанына 40 жыл толғанда қабылданып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Конверсиялық терапияға тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/konversiyalyq-terapiyaga-tyiym-salyndy-16155/#gsc.tab=0);

«Жат төсек қатынасын насихаттағандарға жауапкершілік күшейтіледі» (https://islam.kz/kk/news/alem/jat-tosek-qatynasyn-nasihattagandarga-jauapkershilik-kusheitiledi-14975/#gsc.tab=0);

"Сот гомосексуализмді ауру деп таныды" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/sot-gomoseksualizmdi-auru-dep-tanydy-14903/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат