Мешітте садақа жинау ережесі өзгертіледі
Мешітте садақа жинау ережесі өзгертіледі
2 жыл бұрын 1356 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әзірбайжанның «Наным-сенім бостандығы туралы» заңына енгізілген түзетулер қоғамдағы талқыларға, тіпті, айтар едік, белгілі бір деңгейде талас-тартысқа себеп болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы «Sputnik Азербайджан» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сондай түзетулердің бірі Қап тауы мұсылмандар діни басқармасының тікелей міндеті болуы тиіс құзыреттердің шектелуін жатқызуға болады (қараңыз: «Имамды бұдан былай діни басқарма емес, мемлекеттік тағайындайды» - https://www.islam.kz/kk/news/alem/imamdy-budan-bylai-dini-basqarma-emes-memlekettik-tagaiyndaidy-16333/#gsc.tab=0). Бұдан бөлек, «Наным-сенім бостандығы туралы» заңының 18-ші бабын діни ұйымдарға садақаны тек қолма-қол ақша түрінде ғана емес, банк картасы, онлайндық аударым, электрондық төлем жүйесі арқылы алуға болатындай етіп өзгертуге ұсыныс жасалды. Бұл өзгерту өз кезегінде діни құрылымдарға аударылатын садақаның ашықтығын әрі мөлдірлігін қамтамасыз етпек. Яғни, садақа арқылы қанша қаражат түскенін, оның қандай мақсатқа жұмсалғанын қадағалауға мүмкіндік бермек. Әлбетте, әзірбайжандық діни ұйымдар жамағаттан садақа жинауға және оны жұмсауға құқылы. Аталмыш заңның 18-ші бабында айтылғандай: «Діни ұйымдар адамдардың өз еркімен беретін садақаға өтініш бере алады әрі бұл садақадан жиналған қаражатты қабылдай алады, алайда, оларға ақылы қызмет көрсетуге тыйым салынады. Діни құрылымдар берілген немесе уәде етілген садақа үшін қандай да бір тұлғаға немесе донорға (демеушіге) тікелей немесе жанама түрде қандай да бір артықшылық беруге, материалдық немесе басқа да жеңілдіктер беруге ұсыныс жасай алмайды». Қайыр-садақадан түскен қаражатқа салық салынбайды. Діни ұйымдардың қаражаты қолданыстағы заң талаптарына сәйкес алынған қаржы есебінен, сондай-ақ, жеке мен заңды тұлғалардың өз еркімен аударған қаражаты есебінен қалыптасады. Діни ұйымдардың меншік құқығы заңмен қорғалған.

0 пікір
Мұрағат