|
Азия елінде елге оралған мигранттардың цифрлы бейіні жасалады
|
Непал билігі шеетелден оралған мигранттардың цифрлы бейіндерін жасау туралы шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Kathmandu Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша Непалдың муниципалды қауымдастығы әзірлеген мағлұмдама жобасына сәйкес мигранттарды қайта интеграциялау шарасын жүйелі түрде басқару ісіне жол ашылады. Ресми өкілдер шетелде жұмыс істеп оралған непалдық жұмысшылардың дерекқоры болмағандықтан оларды непалдқ құндылыққа баулитын қайта интеграциялау ісін қиындататынын аалға тартып отыр. Директива непалдық мигранттардың шетелдегі жұмыс сипатын, меңгерген дағдыларын, тәжірибесін, табысын және инвестицияның әлеуетті салаларын ескеруге, елдегі жобаларға икемдеуге, сол арқылы отандық экономикада пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл деректер кейіннен олардың жеке цифрлы бейінін жасау үшін де пайдаланылды. Еңбек мигранттары Непал экономикасының негізгі бөлігі болып қала береді. Елдегі жұмыссыздық пен кәсіпкерлікпен айналысудың шектеулі мүмкіндігінен еңбек мигранттарының қарасы жылдан жылға артып келеді. Тек мамыр айының ортасынан маусымның орта шеніне дейін 30 480 адам шетелден оралған, ал 20 327 адам жұмыс іздеп шетел асқан. Өткен қаржы жылында 333 000 еңбек мигранты шетелде жұмыс істеу үшін тағы рұқсат алды. Бірігіп инвестиция салғысы немесе әріптестік арқылы бизнес ашқысы келетін елге оралушы непалдық жұмысшыларға немесе олардың отбасыларына директива бойынша техникалық және қаржылық қолдау көрсетіледі, сондай-ақ, салықтық жеңілдіктер көзделген.