Азия елі туысы жоқ жалғызбасты қарттарға қамқорлықты күшейтетін заң қабылдады
Азия елі туысы жоқ жалғызбасты қарттарға қамқорлықты күшейтетін заң қабылдады
1 сағат бұрын 42 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда Жапония парламенті туысы жоқ қарттарды қолдауды кеңейтуге бағытталған заңнамаға өзгертулер енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы The Straits Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күншығыс елінде отбасы институтының маңызы төмендеп келеді. Осыған байланысты жалғызілікті қарттар қарасы да жылдан жылға көбейіп келеді. Заңнамадағы өзгертулер сырқаттанған қарттарды емханаға жатқызудан бастап, қайтыс болса, ақтық сапарға шығарып салғанға дейінгі қызметтерді қамтиды. Ал қаржылық қиындыққа тап болған қарттарға мұндай қызметтерді тегін немесе арзан бағамен пайдалануға мүмкіндік беріледі. Жапонияның денссаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі заңнамадағы өзгертулер бойынша кеңесшілер палатасынан көпшілік дауыспен қолдауға ие болып, 2028 жылдың маусым айынан бастап қолданысқа енгізетін болады. Қарттарды күту, жерлеу жоралғыларын өткізу, т.б. шығындары мемлекет есебінен өтеледі. Сондай-ақ, алжу ауруынан хардап шегетін науқас қарттар қарасы артып келеді. Олардың да күту, емдеу, жерлеу, т.б. шығындарын мемлекет өз мойнына алады. Немерелер мен шөберелерді қоса алғанда үшінші дәрежедегі туыстары жоқ 65 және одан жоғары жастағы адамдар саны 2024 жылы 2,86 миллионға жеткен. Бұл көрсеткіш 2050 жылы 4,48 миллионға дейін артуы мүмкін. Жапонияның азаматтық кодексі отбасының қарт мүшелерін қолдауға қатысты туыстық  дәрежесі үшіншіге дейін, яғни, шөбелерге дейін жауапкершілік жүктейді.

0 пікір
Мұрағат