Араб елі балалар еңбегін пайдалану көрсеткішін айтарлықтай төмендетті
Араб елі балалар еңбегін пайдалану көрсеткішін айтарлықтай төмендетті
1 сағат бұрын 46 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокко балалар еңбегін пайдаланумен күресте елеулі жетістікке жетті. Бұл жайында islam.kz порталы en.industries.ma ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің бұл бағыттағы саяси ерік-жігері халықаралық ұйымдар мен әлем қауымдастығы тарапынан жоғары бағаланды. 2017 жылдан бері бұл елдегі балалар еңбегін пайдалану көрсеткіші 59%-ға төмендеген. Дегенмен, Мароккода 100 мыңға тарта бала бұрынғыша еңбек етеді. Олардың көбісі ауылдық жерде отбасына қолқабыс етеді. Ал қалалық жерде еңбек ететін балалар саны шамамен 23 мыңға жуық. Марокко балалар құқығын қорғауда бастама көтеріп, балалар еңбегін жоюға қатысты 6-шы жаһандық жиынды өткізуге құлшыныс танытып отыр. Балалар еңбегін пайдалану немесе қанау секілді әлеуметтік келеңсіздікті жоюда мектепке дейін білімберу жүйесін кеңінен енгізудің маңызы зор. Бұдан бөлек, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге бағдарланған кәсіби оқытудың да маңызы зор.

0 пікір
Мұрағат