Еуропа елі бастауыш сыныптарға жасанды зердені пайдалануға тыйым салады
Еуропа елі бастауыш сыныптарға жасанды зердені пайдалануға тыйым салады
1 сағат бұрын 42 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Норвегия билігі 2024 жылы кәмелет жасына дейінгілерге смартфон ұстауға тыйым салған болатын. Биыл білім сынағы бойынша нашар нәтиже көрсеткені үшін бастауыш сынып оқушыларына да, ішінара жоғары сынып оқушыларына да генеративті жасанды зердені пайдалануға тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы жаңа ереже талаптарына сәйкес бірінші сыныптан бастап жетінші сыныпқа дейінгі 6-13 жас аралығындағы оқушылар АІ қолданбауы тиіс, ал 14-16 жас аралығындағы бастауыш мектеп оқушылары технологиялық құралдарды мұғалімдердің бақылауымен пайдалана алады. Норвегияда компьютерлерді сыныптарға 1990-шы жылдары, ал планшеттерді - iPad пайда болғаннан кейін 2010 жылдан бастап енгізе бастады. Бұл бастама кітап оқу мен жазуға кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік берді. Алайда, кітапты оқу мен жазу арқылы ақпараттың жадыда жақсы сақталатыны енді анықталып отыр. Осыған байланысты норвег билігі кітаптарға оралуды көздеп отыр. Осы орайда сәуір айында Норвегия үкіметі де 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат