Ауғанның әйел тележүргізушілеріне бетін тұмшалауға бұйрық берілді (видео)
Ауғанның әйел тележүргізушілеріне бетін тұмшалауға бұйрық берілді (видео)
2 жыл бұрын 1805 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстанда тележүргізуші әйелдер билік басындағы тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының 2003 жылғы қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда да қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) талабына байланысты жүздерін ниқабпен бүркеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Dawn дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алғашында тележүргізуші ауған әйелдері тәліптердің бұл бұйрығын орындаудан бас тартқан болатын. Алайда, жексенбіде эфирге ниқабпен шықты. Еллдегі негізгі TOLOnews, Ariana Television, Shamshad TV және 1TV арналарының тележүргізуші әйелдері тек көздерінен өзге жерлері толық бүркелді. Десе де құқық қорғаушылар ұйымдарынан да қайран болмаған соң ауған әйелдері өз құқықтары үшін күресетінін әлем қауымдастығына дабыл қағатынын алға тартып отыр. Бір қызығы, тележүргізуші ерлер де әйел әріптестеріне қолдау білдіріп, жүздерін бетпердемен жасырды.

Ұқсас материалдар:

«Тәліптер шариғат шәлісінің түсін бірыңғай қара түске ауыстыруға пәрмен берді» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-sharigat-shalisinin-tusin-biryngai-qara-tuske-auystyruga-parmen-berdi-16812/#gsc.tab=0);

"Талибан билігі оранбаған әйелдің қамқоршысына да жаза тағайындайды" (https://islam.kz/kk/news/alem/taliban-biligi-oranbagan-aieldin-qamqorshysyna-da-jaza-tagaiyndaidy-16748/#gsc.tab=0);

«Тәліптер ауған әйелдерінің құқығын қорғау батығында маңызды қадам жасады» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-augan-aielderinin-quqygyn-qorgau-batygynda-manyzdy-qadam-jasady-16125/#gsc.tab=0);

«Тәліптер келіп еді, паранджаның бағасы шарықтап кетті» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-kelip-edi-parandjanyn-bagasy-sharyqtap-ketti-15629/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат