Организмнің қартаю процесін баяулататын тетік табылды
Организмнің қартаю процесін баяулататын тетік табылды
1 сағат бұрын 96 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар белсендірілген жағдайда организмнің қартаю процесін бәсеңдететін және ғұмырды ұзартатын генді тапты. Бұл бағыттағы тәжірибе кезінде тышқандардың өмір сүру ұзақтығын 14 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Aging мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар алдымен жасушалардың биологиялық жасын олардың гендерінің белсенділігі бойынша анықтайтын жасанды зерде жүйесін әзірледі. Оның көмегімен ғалымдар қартайған жасушаларды жас күйіне қайтару жолдарын іздеді. Нәтижесінде мамандар жасушалар ішіндегі генетикалық ақпаратты өңдеуге қатысатын SRSF1 генін бөліп алды. Оның белсенділігін арттырғанда жас жасушаларға тән кейбір функцияларды қалпына келтіруге көмектесетініне көз жеткізген. Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, SRSF1 генінің белсенділігі жасушаның қартаю белгілерін азайтып, қабынуды төмендетеді және жасушаларға зақымданған ақуыздармен күресуге көмектеседі. Бұл ретте жасушалар өздерінің негізгі функцияларын сақтап қалды.

0 пікір
Мұрағат