Аш еркек әйелдерден де қауіпті...
Аш еркек әйелдерден де қауіпті...
2 жыл бұрын 2062 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: The Creative Exchange / Unsplash

Британ ғалымдары ерлердің ас мәзірі әйелдердің тағам рационына қарағанда қоршаған ортаға әлдеқайда қауіпті болып шыққан – ерлердің тамақтану әдеті атмосфераға 41 пайызға артық парникті газдың бөлінуіне ықпал етеді әйелдерге қарағанда. Лидса университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар бұл тарапта өзінше тәжірибе жүргізіп көрген екен – үш тәулік бойы 212 британдық азаматтың қалай тамақтанатынын қадағалап, қалта телефонымен таспаға тартып алып отырған. Артынан таспаға тартылып қалған бейне бақылау көріністерін талдай келе олар тұтынған азық-түлік түрлері бойыша 3,2 мыңнан аса атаулы азықтан бөлінетін парникті газдың мөлшерін есептеп көрген. Олардың орташа рационының жартысына жуығы (45 пайызы) ет пен сүт өнімдерінен тұратыны белгілі болды. Атмосфераны ластау деңгейі бойынша келесі орында сусындар тұр – 15 пайыз және кондитерлік өнімдер (8 пайыз). Бұдан бөлек, таяуда шведтердің Ecoloop компаниясының ерлер мен әйелдердің планетаға қайсысы көбірек қауіп төндіретінін анықтау үшін өз зерттеуін жүргізген болатын. Зерттеу нәтижесінен әйелдердег қарағанда ерлердің жаһандық жылынудың қарқын алуына көбірек ықпал ететінін анықтаған еді. Яғни, ерлер мен әйелдердің тұтыну шығындары арқылы қоршаған ортаға тигізер зиянын есептеп көрген. Бұл тараптағы зерттеу материалы Journal for Industrial Ecology мерзімді басылымында жарияланған. Швед ғалымдарының тұжырымы бойынша ерлер әйелдерге қарағанда 16 пайызға артық ластайды атмосфераны. Бұл бағытта аса қажетті тауарлар назарға алынған: азық қаптамалары, көліктің дизелді отыны, т.б. Бұған қоса, қалдықтардың өңделу деңгейі де қаперге алынған. Яғни, олар тұтынған тауарлардың қайта кәдеге жаратылуы да назардан тыс қалмаған еді. Бұл тарапта ерлерге қарағанда әйелдер әлдеқайда ұқыпты болып шыққан – ас-ауқатты мейлінше аз тұтынуға талпыныс (диета сақтауы), етті аз жеу, шылым шегу, т.б. зиянды әдеттерге үйір болмауы, т.б. әдеттері қоршаған ортаға зиянын аз тигізген. Ғалымдардың есебінше, ет пен сүт өнімдеріненн бас тартып, өсімдіктен алынған өнімдерді тұтыну, автокөлік пен ұшақтың орнына теміржол көліктерін пайдалану өз кезегінде атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтарды 40 пайызға кемітеді.

0 пікір
Мұрағат