Ішінара пластик қалдықтарымен жұмыс істейтін зымыран сынақтан сәтті өтті (видео)
Ішінара пластик қалдықтарымен жұмыс істейтін зымыран сынақтан сәтті өтті (видео)
2 жыл бұрын 1165 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Британиялық Pulsar Fusion компаниясы Ұлыбританияның қорғаныс министрлігіне қарасты әскери базада гибридтік зымыранын сынақтан өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа зымвранның  қозғалтқышы ішінара пластик қалдықтарымен жұмыс істейді. Pulsar Fusion компаниясының мамандары жоғары жылдамдықтағы қозғалысқа қол жеткізу үшін ядролық синтез технологиясын зерттеп жатыр. Бұл бағытта ізденістері зая кетпесе, Мар планетасына ұшып бару уақытын екі есе кемітуге мүмкіндік бермек. Осы орайда гибридті зымыран отыны үшін пластиктің өңделген қалдықтарын пайдалану соншалықты таңсық жайт емес – бұл тарапта Virgin Galactic компаниясының өкілдері 2014 жылы термореактивті пластмасса тобынан өндірілген отынмен зымыран ұшырған болатын. Алайда, аталған компанияның жобасы сынақтан өтпегендіктен бұл істі тоқтатқан еді. Pulsar Fusion компаниясының ғалымдары гибридтік отынмен оталатын әрі ұшатын зымыран үшін тығыздығы жоғары полиэтиленнен (HDPE), сондай-ақ, азот тотығы тотықтырғышынан (ол клапан арқылы бақыланатын қысыммен жану камерасына беріледі) тұратын отынды пайдаланды. Тығыздығы жоғары полиэтиленді (HDPE) шөлмек, құбыр, құрастырмалы конструкциялар, т.б. секілді бұйымдар жасалады. Пластмассаның бұл түрі кеңінен тұтынылады.

0 пікір
Мұрағат