Араб елі өз азаматтарын жұмысқа алмаған компаниялармен «басқаша сөйлесетін» болады
Араб елі өз азаматтарын жұмысқа алмаған компаниялармен «басқаша сөйлесетін» болады
8 ай бұрын 1004 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі ел тұрғындарын жұмысқа алмаған 1077 жекеменшік компанияны анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған араб елінің еңбек ресурсы және әмірлікке айналдыру министрлігі келтірген дерекке жөн сілтеген KHALEEJ TIMES ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада негізінен аталған ел азаматын көзбояушылық жасап, тек формалды түрде ғана жұмысқа алатын, алайда, нақты тапсырма берілмейтін немесе жұмыс атқармайтын заңбұзушылық  турасында сөз болып отыр. Яғни, жекеменшік компаниялар тарапынан мемлекеттік бағдарламаны орындаған болып,  түр көрсеткенімен мұндай әрекет жалған деп танылады. 2024 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап БАӘ билігі аталған ереже нормаларын елемеген жекеменшік компанияларға айыппұл сала бастады. Соның ішінде, 20-дан 49-ға дейінгі қызметкері бар шағын компаниялардың өзіне, егер оларда кем дегенде БАӘ-ның бір азаматы болмаса, айыппұл салынады – 96 мың дирхам (аталған араб елінің төл ақшасы, ұлттық валютасы – ред.). Келесі жылы, яғни, 2025 жылы араб азаматын жұмысқа алмаған шағын компанияларға салынатын айыппұл мөлшері  108 мың дирхамға дейін өсірмек. Ал 50 немесе одан да көп қызметкері бар ірі кәсіпорындарда бұл көрсеткіш 4%-дан кем болмауы керек, соның ішінде, талап бойынша біліктілікті қажет ететін лауазымды қызметтердің өзінде кемінде екі БАӘ азаматы жұмысқа тартылуы тиіс. Ірі кәсіпорындар ережені елемесе, кем дегенде 84 мың дирхам айыппұл «арқалайды». Алдағы жылдары ірі кәсіпорындар үшін айыппұл мөлшерін 500 мың дирхамға дейін өсіруді көздеп отыр. Билік алдына 2024 жылдың соңына қарай бұл тараптағы көрсеткішті 6%-ға, ал 2026 жылдың соңына қарай 10%-ға дейін арттыруды көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат