Әлемге әйгілі брендтер араб стиліне бет бұра бастады (фото)
Әлемге әйгілі брендтер араб стиліне бет бұра бастады (фото)
2 ай бұрын 766 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Rolex бастаған әлемге әйгілі батыстық брендтер Таяу Шығысқа арналған шектеулі сағаттар топтамасын шығаруды трендке айналдырды. Бұл жайында islam.kz порталы Islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде смартфон мен өзге де технологиялық гаджеттерді жаппай пайдалануға байланысты уақыт анықтауға сағатқа деген қажеттілік жойылған. Десе де сағат сәндік бұйымдар қатарынан ойып тұрып орын алған – өз алдына бөлек өнер туындысы іспетті. Элиталық сағаттарға сұраныс жоғары. Осыны ескерген батысты брендтер шығысқа бет бұрып, араб үлгісінде сағаттар шығаруды өткен ғасырдың орта шенінде жолға қойды.

Rolex

Дерек көзі: Global Boutique

Сағаттардың патшасы ретінде танымал Rolex – осы күнге дейін сәннен қалмаған бренд. 1950 жылдардан бастап компанияның Таяу Шығыста үлкен тұтынушылық базасы болды және Парсы шығанағы мемлекеттерінің тапсырыстарын орындауға көшті. Сол тұста ең көп сатылған «Oyster Perpetual» сағаты секілді классикалық үлгідегі, араб циферблатымен, шектеулі мөлшерде шығарылған «Day-Date» сағаты бүгінде көне жәдігерлер санатына жатады - әлемде өте сирек кездеседі және оларды табу қиын.

Universal Genève

Дерек көзі: Antiquorm

Осы күнгі сағаттың отаны саналатын Швейцарияның  Universal Genève компаниясының Таяу Шығыс нарығында ондаған жылдар бұрын өз орнын тапқанын айта кетпекпіз. 1950 жылдары монарх Абдіәзіз ибн Абдрахман әл-Саудқа аталмыш компания тырыпанын арнайы сағаттар сыйға тарту етілді. Құрылғыда, дәлірегі, клизонна эмалында Сауд Арабиясының картасы бейнеленген. Осы күнге дейін ол араб әлеміне арналған ең ерекше сағаттардың бірі болып қала береді.

Classic Fusion Hublot

Дерек көзі: Pinterest

Карло Крокко тиесілі швейцариялық Hublot беделді сағат бренді инновациялық және сәнді дизайнымен, сондай-ақ, спорттық талғампаздығымен танымал сағаттар құрастырады. 2013 жылы аталмыш компания алғаш рет заманауи араб циферблаты бар сағаттарды - титаннан жасалған Classic Fusion сағатының саны шектеулі мөлшерде шығарылған.

Bulgari Octo Finissimo Arab Edition

Дерек көзі: Philips

Италиялық сән үйі дизайнымен ерекшеленіп қана қоймай, сонымен қатар, осы саладағы 100 жылдан астам тәжірибесі бар - 2017 жылы бренд арнайы Bulgari Octo Finissimo желісі негізінде циферблаты арабшаға өзгертілген эксклюзивті Таяу Шығыс сағаттарын жасады.

Chrornomètre Bleu Byblos

Дерек көзі: Philips

Швейцариялық брендтермен қатар, сәнді сағаттар бизнесінде өз қолтаңбасы мен өрнегін қалыптастырған жекелеген тұлғалар ба. Солардың бірі - Франсуа-Пол Жорн есімді француз шебері, ол әлі күнге дейін Женеваның орталығында орналасқан жалғыз сағат құрастырушы. 2014 жылы Бейрутта өзінің жеке дүкенінің ашылуына орай бірегей араб циферблаты бар Bleu Byblos хронометрін жасады. Шектеулі шығарылым тек 99 данадан тұрады

0 пікір
Мұрағат