Антарктиданың үстінен бортында адамы жоқ ұшақ ұшып өтті (видео)
Антарктиданың үстінен бортында адамы жоқ ұшақ ұшып өтті (видео)
2 ай бұрын 368 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда ұшқышсыз ұшақ Антарктиданың үстінен ұшты. Ғалымдар аталмыш аппараттың мұз құрсанған құрлықта ғылыми деректерді жинау жолында жаңа белесті бағындыруға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы IFLScience ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Антарктиданың үстінде ұшатын бұл ұшақ салмағы 100 келіге дейінгі жүктерді 1000 шақырымға дейінгі қашықтыққа тасымалдай алады. Британдық Антарктикалық шолу (BAS) Rother зерттеу стансасының ұйытқы болуымен жүргізілген Windracers ULTRA ұшқышсыз ұшатын ұшақ сынағы оның 10 метрлік қанатының арқасында толық автономды режимде, яғни, дербес ұшуға қабілетті екенін көрсетіп берді. Антарктиданың төтенше ауа райына арнайы бейімделген Windracers дроны қозғалтқыш істен шықса да немесе негізгі құрамдас бөліктер зақымдалса да жұмыс істей береді. Ақпан айындағы лғашқы сынағында 720 шақырым қашықтықты ұшып өткен алып дрон жаһандық жылынуға байланысты күйі қаша бастаған әрі жерді қызып кетуден сақтайтын Антарктиданың мұздақтары мен экологиясына мониторинг жүргізіп, мәлімет жинайды. Бұдан бөлек, бұл беспилотник жолаушылардың қауіпсіз ұшуына кедергі келтіретін атмосферадағы турбуленттілік құбылыс зерттеуге де пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат