|
Араб елі келесі жылдан бастап импортталатын халал тауарларды бір шартпен қабылдамайды...
|
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы орталығы (FSQC) 2027 жылдың шілде айының 1-нен бастап тағам өнімдерінің импорттық партияларына арналған халал сертификаттарын, егер оларды орталық мойындамаған халал сертификаттау органдары берсе, қабылданбайтынын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы HalalFocus ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай қадам Оман сұлтандығына импорттық азық-түлік партияларын жеткізуге жауапты халал сертификаттарын қабылдауды реттеу жөніндегі орталықтың стратегиялық жоспарының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылады. Аталған орталық Оманға импортталатын өнімдер үшін халал сертификатын талап ететін азық-түлік өнімдерін импорттаушыларды өз еліндегі халал сертификаттау жөніндегі жеткізушілермен және органдармен алдын ала келісуге шақырды. Азық-түлік импорттаушылар, сондай-ақ, өздері жұмыс істейтін сертификаттау органының күшіне енген күнге дейін тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы орталығымен сертификаттау процедураларының аяқтағанына көз жеткізуге міндетті. Ал орталықтан халал мәртебесін алғысы келетін халал сертификаттау органдары designations@mafwr.gov.om арқылы өтінім бере алады немесе санаттар бойынша талаптар мен процедуралар толығырақ туралы біле алады. Бұдан бөлек, азық-түлік импорттаушылардың орталық белгілемеген халал сертификаттау жөніндегі ұйымдармен келісімшарттар жасасудан туындайтын қандай да бір қаржылық немесе шарттарға байланысты салдарға жауапты еместігін нақтылады.
Сілтемесі: https://timesofoman.com/article/177326-oman-to-reject-halal-certificates-from-non-designated-bodies-starting-july-2027