Индонезия әлемдік халал нарығындағы 2,6 миллиард доллар құрайтын үлесін ұлғайтуға ұмтылады
Индонезия әлемдік халал нарығындағы 2,6 миллиард доллар құрайтын үлесін ұлғайтуға ұмтылады
44 минут бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Bank Indonesia (BI) дерегіне сәйкес өсіп келе жатқан әлемдік халал нарығындағы үлесі 2,6 триллион доллларға жететін Индонезия шариат экономикасы үшін жаһандық жеткізушіге айналу әлеуетіне ие. Бұл жайында islam.kz порталы ANTARA News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта Индонезия жалпы шариғи экономикалық және қаржылық даму бойынша әлемде төртінші орында тұрған ел. Соңғы халықаралық рейтингтерге сәйкес қиыр шығыстағы осынау мұсылман елі халал азық-түлік өнімдері бойынша үшінші, ислам медиасы мен рекреациялық өнімдер бойынша үшінші, халал фармацевтикалық өнімдер мен косметика бойынша төртінші, мұсылмандарға жақын туризм бойынша алтыншы және ислам қаржысы бойынша жетінші орында тұр. Осы орайда аталған елдің ислами қаржы активтері 3 131 триллион рупиға (индонезиялықтардың төл ақшасы – ред.) жеткенін айта кетпекпіз. Ал ислам экономикасындағы жергілікті тұрғындардың сауаттылық деңгейі 2019 жылғы 16,3 пайыздан 2025 жылы 50,18 пайызға дейін өскен.

0 пікір
Мұрағат