Әлем бойынша биологиялық отынға алғаш көшкен ел – мұсылман елі болды
Әлем бойынша биологиялық отынға алғаш көшкен ел – мұсылман елі болды
1 сағат бұрын 53 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Индонезия жақында ресми түрде B50 биодизелінің міндетті бағдарламасын іске қосты. Елдің энергетикалық қауіпсіздігінде стартегиялық маңызға ие бұл шара алғаш рет дизел отыны импортын тоқтатуға мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы Straits Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы аталған елдің энергетика және минералды ресурстар министрі Бахлил Лахадалия Индонезия жылына 38- 40 миллион килолитр дизел отынын тұтынатынын, ал бұған дейін B50 іске қосылғанға дейін жылына шамамен үш-төрт миллион килолитр импорттағанын хабарлады. «B40-ден B50-ге көшу арқылы біз импортты қысқарта отырып, шетелдік валютада 170 триллион рупияны үнемдей аламыз», - деп мәлімдеді B50 бағдарламасын ресми іске қосу кезінде. B50 - құрамында шикі палма майынан (CPO) алынған биодизелдің 50 пайызы және мұнай дизелінің 50 пайызы бар дизел отынының қоспасы. Гибридтік отын Индонезияның импортталатын қазба отынға тәуелділігін азайту және жаңартылатын энергияны пайдалануды ұлғайту жөніндегі күш-жігері шеңберінде алдыңғы B40 қоспасымен салыстырғанда жоғары. B50 гибриді пойызда, жолаушылар көлігінде, автобустар мен кемелерде, соның ішінде Азия және Еуропа өндірушілерінің көліктерінде алты ай сынақтан сәтті өткен. "Сынақ нәтижелері көрсеткендей, B50 сапасы B40 қарағанда едәуір жақсы. B40 кезінде отын сүзгілерін шамамен 10 000-20 000 шақырымнан кейін ауыстыруға тура келді. B50 бастап кейбір автокөліктер сүзгіні ауыстырмай 45 000 шақырымға дейін жол жүрген", - деп айтылған хабарламада. Ол бағдарлама шикі пальма майына (CPO) ішкі сұранысты жылына 15,2 миллион тоннадан 16,3-17 миллион тоннаға дейін ұлғайтатынын, ал бұл сұраныс майлы пальма өсіретін фермерлер үшін үлкен нарықтық сенімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Аталмыш бағдарлама Индонезияның майлы палма шикізаты индустриясының қосымша құнын 20,92 триллион рупиядан 23,49 триллион рупияға дейін, сондай-ақ, B40 бағдарламасы бойынша 1,8 миллион жұмыскердің жұмыспен қамтылуын B50 бағдарламасы бойынша 2,1 миллионға дейін ұлғайтады. Бұдан бөлек, B50 атмосфераға бөлінетін парниктік газдар млшерін 39,66 миллион тоннадан 44,46 миллион тоннаға дейін қысқартады. Индонезия билігі болашақта қант қамысы, маниока және жүгері сияқты шикізатты пайдалана отырып, 10-20 пайыз қоспадан бастап, 2027 жылы этанол қоспасы бар бензин шығару жөніндегі міндетті бағдарламаны енгізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. B50 екі ай ішінде бүкіл ел бойынша толық енгізіледі, айналымдағы дизел отынының 56 пайызға жуығы жаңа қоспаға көшкен.

0 пікір
Мұрағат