Израил экономистері ультрортодоксал еврейлерден Израилді үшінші әлем елдеріне айналдырады деп қауіптенуде
Израил экономистері ультрортодоксал еврейлерден Израилді үшінші әлем елдеріне айналдырады деп қауіптенуде
11 ай бұрын 916 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Изриалдік экономистер билік тарапынан ультрaортодоксалды ортаға қыруар қаржы бөлуінен қауіптеніп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Israel Info дерек көзіне жөн сілтеген cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ультраортaдоксалдар Израилдегі тұрғындардың өмір сүру сапасын төмендетіп, үшінші әлем елдері деңгейіне түсіреді, деп қауіптеніп отыр. 280 экономист, соның ішінде бұрынғы қаржы министрлігінің қызметкерлері ел билігіне ашық хат жолдады. Онда ультраордоксалды еврейлерге қыруар қаржы бөлуден Израил экономикасы ұзақ мерзім бойы шығын көрмек. Сарапшылардың пікірінше, жалпы білім беретін пәндерді оқымайтын ультраортодоксалды мектептерге бұрын-соңды қыруар қаржы бөлінуі, Аврехтерге қаржылай қолдау ауқымының ұлғаюы және кәдімгі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінен тыс арналар арқылы азық-түлік талондарының берілуі, ең алдымен, діни сектордың өзіне үлкен зиян келтіреді. «Мұндай шаралар балаларды еңбек нарығына интеграциялауға (бейімдеуге) қажетті, негізгі дағдыларды меңгеру мүмкіндігінен айырады»- деп айтылған ашық хатта. Израилдің Орталық статистика бюросының мәліметі бойынша мектепке дейінгі жастағы балалардың төрттен бір бөлігі дерлік ультраортодоксалды отбасыларда өсіп келе жатқанын және бұл көрсеткіш 2050 жылға қарай екі есе артатынын алға тартып отыр. Бұл ретте тек діни сала ғана зардап шекпейді. Израил балаларының едәуір бөлігі мектептегі базалық білімнен мақұрым қалатындықтан Израл экономикасы кері әкетіп, үшінші әлем елдерінің санатына өтеді.

 

0 пікір
Мұрағат