Әлеуметтік желіні жасаушылардың басты қателігі айтылды
Әлеуметтік желіні жасаушылардың басты қателігі айтылды
3 жыл бұрын 1398 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлеуметтік желісіз, мессенджерсіз бүгінде адамның тірлігі бітпейді, хаттың да, хабардың да орнын алмастырған әлеуметтік желі мен мессенджер тек амандықты білісудің құралы ғана емес, сонымен қатар, бұқараның әлеуметтік немесе қоғамдық белсенділігін оятатын, көзқарасын айқындайтын, түрлі бастамаға түрткі болатын алаңына, платформасына айналған. Дегенмен таяқтың екі ұшы болатыны секілді оның да адамзат үшін кері тартатын зиянды жағы бар. Міне, сарапшылар осы жағына назар аударыпты. Ресейлік электронды коммуникация қауымдастығының бас сарапшысы, Интернетті зерттеу институтының жетекшісі Карен Казарян lenta.ru ақпарат көзіне берген сұхбатында «Алгоритм. Сені кім басқарады?» деп аталатын ауқымды жоба аясында өз пікірін білдіріпті. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Бізге әлеуметтік желіден келіп жеткен эффектілерді (дофаминдік ине, қобалжу мен мазасыздықтың артуы, интернетке тәуелділік) Маршалл Маклюэн немесе Мануэл Кастельса секілді ақылы асқан медиа тарихшылары ерте айтып, ескертіп қоюына да болатын еді. Алайда, әлеуметтік желіні жасаушылар оларды мүлдем түсінбеді. Олар (бұқараны айтып отыр – ред.) қолына сіріңке ұстатқан балалар секілді»,- деді ол. Оның пайымдауынша, Марк Цукерберг  Facebook сервисінің көмегімен күллі адамзатты біріктіргісі келді, алайда, оның салдары қандай болатынына ой жүгіртпеген. «Әлемжеліні жасаушылардың қателігі сонда – олар адамзат туралы ақсы ойда болды, алайда, шындығыныда адамзат ондай деп айта алмайсыз»,- деді маман. Оның жарқын мысалы ретінде мессенджердің қараңғы халықты арандататын алға тартты, мәселен, Үндістандағы секілді сотсыз кісі өліміне апарған қасіретті оқиғаны алуға болады – әлдекімдердің айтағына ерген тобырлық санадан адам өлді... «Бір жағынан, Үндістанның хат танымайтын сауатсыз тұрғындары үшін дауыс хабарламасын WhatsApp-қа жазып, хабар алмаса алады. Бұл жақсы. Екінші жағынан, сол WhatsApp-қа көрші ауылда мыстан тұрады, оны өртеу керек, деген хабарлама келеді, оны өлтіру үшін адамдар жиналады»,- деп қарапайым тілмен түсіндіруге болады. Ондай адамдардың сыни ойлау жүйесі дамымай қалған, сол себепті, жалған ақпаратты шынайы ақпараттан ажырата алмайды. «Сен балаға қалай қолдануды үйретпей жатып сіріңке ұстатқанмен бірдей. Басқа не күтуге болады? Бәлкім, сенің ойлағаның жақсылық шығар, алайда, бұдан да тереңірек ойлану керек еді! Бұл үшін жауапкершілік арқалаймыз»,- деп мәлімдеді сарапшы.

P.S. Жоғарыда айтқанымыздай, «Алгоритм. Сені кім басқарады?» деп аталатын ауқымды жоба оқырманы көп (тек Ресейде ғана емес, сонымен қатар, ТМД елдерінде де – ред.) lenta.ru ресурсы қолға алған мұндай жобаны қандай мақсатпен бастағаны белгісіз. Дегенмен шамалауға болады. Қырым аннекциясына байланысты батыс елдері тарапынан экономикалық қыспаққа (сауда-саттық санкциясы, түрлі жобалар бойынша шеутеулер, т.б.) түскен Ресей коммуникация жағынан да батысқа тәуелді. Бұйдасын қанша үзгісі келгенімен қолынан келмейді. Өйткені, ақпараттық коммуникация технологиясынсыз қалса, нағыз оқшаулық сонда орнайды. Әлемнен оқшауланған Ресей бірыңғайда жаралы аңға ұқсайды. Жанталасқанымен бәрібір дәрменсіз. Бірыңғайда Ресейдің бұл қылығын өзінде жоқ болғасын жанындағы күлшелі баланың қолындағы нанды жамандағанмен бірдей әрекетке ұқсатуға болады. «Алгоритм. Сені кім басқарады?» жобасы туралы қысқаша айта кетсек, аталмыш жоба әлемдегі ең танымал, сонымен қатар, адамға, қоғамға, саясатқа, әлемдік процестерге ең ықпалды сервистердің ықпал ету алгоритмін зерттейт3н арнайы жоба.

0 пікір
Мұрағат