Көмірден де қауіпті болып шықты...
Көмірден де қауіпті болып шықты...
2 жыл бұрын 1710 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар анықтағандай, пластик көмір электр стансаларына қарағанда планета үшін қауіпті. Беннингтон колледжі мен Beyond Plastics бірлестігінің ғалымдары 2030 жылға қарай пластмасса өнеркәсібінің көмірге қарағанда атмосфераны көбірек ластайнынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал экологтердің есебінше, пластиктің (пластик мұнайдан алынады. Сол себепті, мұнайды бұрғылаудан өндіруге дейін, тұтынудан бастап қоқысқа тасталғанға дейін, дәлірегі, өртелгенге дейінгі кезең пластиктің өмірлік кезеңін құрайды – ред.) барлық өмірлік кезеңінде ыл сайын қоршаған ортаға 232 млн тонна парникті газ бөлінеді. Бұл көрсеткіш жылына 116 көмір электр стансасынан бөлінетін зиянды қалдық мөлшеріне тең. Beyond Plastics жетекшісі Жудит Енк (Judith Enck) мұнай-химия кәсіпорындарының дені табысы төмен аймақтарда орналасқанын тілге тиек ете келе қоршаған ортаны ластау бойынша әлемдік көрсеткіштегі үлесі 90 пайызға жететінін жеткізді. Осылай деген ол пластик өндірісі тоқтамайынша қазбалы отын ресурстарынан бас тартудың немесе жаңғыртпалы энергия көздеріне көшудің еш пайдасы болмайтынын алға тартып отыр. Пластик өндірісін тоқтатпайынша барлық еңбек зая кетпек. Осылайша жаһандық жылынуға қарсы күрес тоқырайтын болады.

0 пікір
Мұрағат