Кей адамдардың өзгелерге қарағанда неге тез қартаятыны анықталды
Кей адамдардың өзгелерге қарағанда неге тез қартаятыны анықталды
2 жыл бұрын 3907 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Неге кей адамдар өз жасынан тым кәрі көрінеді, ал кейбіреулері тым жас көрінеді? Бұл сауал көптің көкейінде жүргенімен жауабы әлі күнге табылмаған. Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген бірнеше зерттеу барысында жасқа қарсы ақуыздың бары анықталды. Бір қызығы – аталмыш ақуыз адамдардың тек әрбір бесіншісінде ғана кездеседі. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ақпарат көзіндегі мақалада айтылғандай: «Бұлшық ет салмағының айтарлықтай кемуі, регенеративті қабілеттің төмендеуі және еңбек ету қабілетінің нашарлауы қаңқа бұлшық етінің қартаю белгілері болып табылады». Мақала ең алдымен қартаю процесіне өз әсерін тигізуі мүмкін бір факторға арналып жазылған десе де болады. «Генетикалық зерттеу адамдар мен тышқандардағы мембранамен байланысқан және айналымдағы гормондық ақуызды кодтайтын, аса күшті қартаю процесін теейтін Klotho генін анықтады»,- деп айтылған мақалада. Аталмыш тәжірибеге бала тәрбиелеп отырғандықтан стреске көп ұшырайтын 90 ана мен бір қалыпты өмір сүретін 88 әйел қатысты – олардың барлығының денсаулығы жақсы, 30-40 жас аралығындағы әйелдер болатын. Ғалымдардың айтуынша, стреске көп ұшырайтын әйелдердің бойындағы аталмыш гормон деңгейі төмен болған. Сан-Францискодағы Калифорния университетінің психиатрия оқытушысы, дәрігер Арик Пратер Klotho генінің денсаулық үшін маңызды екеніне тоқталды. Дәлірегі, аталған ген адамның қандай да бір дертке шалдығу қатерін азайта алады. Нақтысында, жоғарыда айтып өткеніміздей, әрбір бесінші адамда кездесетін кәрілікке қарсы ақуыз Klotho генін арттыра алады. Ал бұл өз кезегінде қартаю процесімен қатар жүретін конгнитивтік функциялардың төмендемеуіне өз әсерін тигізеді әрі адамның өмір сүру ұзақтығына әсер етеді, дәлірегі, ұзақ ғұмыр сүруіне мүмкіндік береді. Бұл тараптағы келесі тәжірибе кезінде ғалымдар зертханадағы кеміргіштердің организімінде Klotho генін асанды жолмен көбейтіп көреді. Нәтижесінде кеміргіштердің ми қызметін жақсартып, организмдегі улы заттардың мөлшерін азайтқан. Болашақта бұл жаңалық кәрілікті тежеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Стресс – ерте қартаюға бастайтын фактор. Түрлі қабынулар тудырып, организмнің аурумен күресу қабілетін төмендетеді.

0 пікір
Мұрағат