Әлемдік мұхит түбінде 11 000 000 тоннаға дейін пластик шөккен
Әлемдік мұхит түбінде 11 000 000 тоннаға дейін пластик шөккен
22 күн бұрын 699 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралия мен Канада ғалымдары әлемдік мұхитқа тап болып, түбіне шөккен пластик мөлшерін есептеді. Ғалымдардың есебі бойынша мұхит түбіне 11 млн тоннаға дейін пластик шөккен. Олардың жартысы тұңғиықта жатыр. Бұл зерттеу өз кезегінде пластикпен ластанудың салдарымен күресуге әрі оның қоршаған ортаға зиянын анықтауға көмектесуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedirect.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта мұхит түбіндегі пластиктің мөлшері мен таралу аумағын бағалайтын екі болжамды модел жасау үшін ғылыми бақылау деректерін пайдаланды. Бірінші модел су асты әлемін зерттейтін қашықтан басқарылатын көліктердің деректеріне, ал екіншісі балық аулау кезінде пайдаланылатын түпкі тралдарға негізделген. Суасты деректеріне сәйкес мұхит түбінде 11 миллион тоннаға дейін пластик қалдықтары бар. Оның үстіне, олардың 46%-ы 200 м-ге дейінгі тереңдіктегі континенттер төңірегінде шоғырланған, мұхиттың терең аудандарында 54% қалдық бар. Зерттеушілер мұхит тереңіндегі пластиктің қозғалысы мен жиналуына ықпал ететін қозғаушы күштерді анықтаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл шара өз кезегінде пластиктің теңіздеггі тіршілік иелеріне төндіретін қауіп-қатерді азайтуға, және қоршаған ортаны қалпына келтіру жұмыстарын жақсартуға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат