Азияның өз Шенген визасы енгізілуі мүмкін
Азияның өз Шенген визасы енгізілуі мүмкін
23 күн бұрын 395 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тайланд оңтүстік-шығыс Азия елдеріне туристер қарасын көбейту үшін еуропалық Шенген визасына ұқсас баламасын құру туралы ұсынысын білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тай елінің премьер-министрі Сретта Табисин бұл бастаманы Камбоджа, Лаос, Малайзия, Мьянма және Вьетнамдағы әрептестерімен талқылаған екен. Егер бұл тарапта Тай елінің бастамасы қолдау тапса, саяхатшылар осы аталған көрші елдерге кедергісіз сапарлайтын болады. Сондай-ақ, виза мерзімін 30 күннен 90 күнге дейін ұзарту жөнінде ұсыныс айтылды. Тайландтың туризм министрлігі келтірген дерек бойынша осы алты мемлекетке өткен жылы 70 млн шетелдік турист келген екен. Бұл туристердің жартысы тек Тайланд пен Малайзияға келген. Яғни, аталған екі елдің бюджетіне шамамен 48 млрд доллар пайда түсірген. Бір ғаа Тай елінің туризм саласында ел тұрғыдарының 20 пайызы жұмыспен қамтылған. Туризм секторы Тай елінің экономикасының 12 пайызын құрайды, дәлңрегі, 500 млрд доллар табыс әкеледі.

0 пікір
Мұрағат