Әлемдік халал экономикасы санаулы жылдан соң шамамен 5 трлн долларға жетеді
Әлемдік халал экономикасы санаулы жылдан соң шамамен 5 трлн долларға жетеді
2 жыл бұрын 1014 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2030 жылға қарай әлемдік халал нарығы, сарапшылардың есебінше, 4,96 триллион долларға жетеді. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттта арнайы маркетингтік зерттеу жүргізген америкалық Frost and Sullivan компаниясы келтірген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемдік халал нарығы айналымының осыншалықты бас айналдырар табысқа жетуіне ең алдымен күллі әлем бойынша шариғат талаптарына сай өндірілген өнімдерге тек мұсылмандар тарапынан ғана емес, сонымен қатар, мұсылман еместер тарапынан да сұраныстың артуы себеп болмақ. Өткен 2020 жылы әлемддік халал нарығының айналымы 2,30 трлн долларға жеткен. Халал нарығының келешегі кемел – жаһандық компаниялар соңғы жылдары өздерінің шешім портфелдеріне халал өнімдер мен қызметтерді молынан әрі батыл енгізіп жатыр. Өйткені, мұсылман еместер тарапынан да халал өнімдер мен қызметтерге сұраныс жылдан жылға артып келеді. Шариғат талаптарына сай өнімдердің экологиялық таза әрі денсаулыққа қаупі болмағандықтан. «Шариғат талаптарына сай жүргізілетін сауда-саттық пен исламдық қаржыландырудың жоғары деңгейі инфрақұрылымның дамуын  жылдамдататындықтан, халал экономикасы жаһандық сауда және жабдықтау тізбегімен  интеграциялануға дайын», деп мәлімдеді Frost and Sullivan компаниясының аға экономисі Неха Анна Томас. Осылай деген сарапшы мемлекет тарапынан да халал өнімдер өндірісі мен саудасына басымдық бере бастаған, дәлірегі, нақты нормативтік әрі саяси қолдау көрсетіп, ұлттық деңгейде жобалары әзірлеп әрі жүзеге асырып жатыр. Бұл фактор да әлемдік халал индустриясына серпін береді. Әлемдік халал экономикасының драйвері Парсы шығанағындағы шариғат талаптарына сай әзірленген өнімдер мен қызметтерге сұранысты қанағаттандыру үшін сауда және логистикалық инфрақұрылымды дамыту, өндіріс кезіндегі қоршаған ортаны ластаушы заттарды барынша азайту міндеттері тұр. Бұған қоса, әлем елдері халал станарттарын және аккредитациялау процедурасын бірегейлендіру бағытында бірлесе жұмыс істеуі тиіс – бұл шара өз кезегінде халал нарығын кеңейтуге мүмкіндік бермек. Соңғы жылдары халал нарығында жаңа тенденция пайда болды, дәлірегі, мұсылман елдерінде шариғат талаптарына сай әзірленген дәрі-дәрмек пен фармацевтикалық өнімдерге сұраныс артып келеді. Әлемдік халал нарығын кеңейтудің басым бағыттарының бірі – осы фармацевтика саласы болуы тиіс. 

0 пікір
Мұрағат