Әлемде қанша адамның мүлдем оқи немесе жаза алмайтыны белгілі болды
Әлемде қанша адамның мүлдем оқи немесе жаза алмайтыны белгілі болды
2 жыл бұрын 1167 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша шамамен 721 млн адам мүлдем хат танымайды, яғни, не оқи алмайды немесе жаза алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы UNESCO (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) ұйымының статистика институтының таяуда жүрггізген зерттеу деректеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлем бойынша ересек әйелдердің үштен екісі сауатсыз болып шықты. Дегенмен, соңғы 50 жылда әлем бойынша жастар арасында сауаттылық деңгейі көп көтерілген. 15 және одан жоғары жастағылардың әлемдік сауаттылық деңгейі 1990 жылы 74%-ға, 2000 жылы 81%-ға, 2010 жылы 84%-ға және 2020 жылы 87%-ға дейін өскен. Әлемнің әр түкпіріндегі қарулы қақтығыстар сауат ашуға кедергі келтіретін ең басты себеп болып отыр. Соғыстың салдарынан немесе саяси, экономикалық және әлеуметтік факторларға байланысты Ауғанстанда, Йемендде және Сомалиде білім алу деңгейі мүлдем сын көтермейді. Бұдан бөлек, әлемдегі геосаяси жағдайларға және жұқпалы індетке байланысты әлем бойынша 24 млн-ға тарта бала қайтып мектепке оралмаған. Олардың 11 млн-ы – қыз балалар. Сауатсыздар саны жағынан Африка құрлығы мен Оңтүстік Азия елдері антирекорд орнатқан. Дүние жүзіндегі сауаттылықтың ең жоғары деңгейі Сахараның оңтүстігін жайлаған елдерде (34 пайыз) байқалады. Әлемдегі сауатсыз халықтың 27 пайызы Оңтүстік Азияда, 6 пайызы Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде тұрады. Еуропада бұл көрсеткіш тек 1 пайызды құрайды. Африкадағы әрбір бесінше бала білім алу мүмкіндігі жоқ. 12-14 жастағылар арасында әрбір үшінші бала мектепке бармайды.

0 пікір
Мұрағат