Азғындыққа бастау қатері жоғары қауіпті идеологияның алдын алатын заң жобасы қарастырылады
Азғындыққа бастау қатері жоғары қауіпті идеологияның алдын алатын заң жобасы қарастырылады
2 жыл бұрын 1115 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Алексей Майшев / РИА Новости

Башқұртстан құрылтайының (парламенті) депутаттары РФ мемлекеттік думасына балалар арасында чайлдфри идеясын таралуына тосауыл қоятын заң жобасын енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы тиісті құжат мәтіні РФ мемдуманың заң жобаларының базасында жарияланды. Чайлдфри идеологиясының танымал болуына бұл идеяны ұстанатындар өздерін гедонизмнің (адам бұл өмірге тек ішіп-жеу және өзге де нәпсісін қанағаттандыру үшін жаратылған деген қате пайым жетегінде кетеді – ред.) жақтастары ретінде көрсетеді. Аталмыш заң жобасының авторлары мұндай идеяны қоғамда тарату отбасы институтын әлсіретіп, ғасырлар бойы қалыптасқан өзге де адами құндылықтарды жояды. Чайлдфри идеясын ЛГБТ идеясы секілді балалардың танымы мен денсаулығына кері әсер ететін ақпаратқа жатқызуды ұсынып отыр. Бұл идея бала табуды адамның толыққанды өмір сүруіне кедергі келтіретін фактор ретінде қарастырады. Сөз орайы келгенде федерациялық кеңесте бұрынырақта радикалды феминизмге, чайлдфриге және дәстүрлі емес төсек қатынасына қатысты материалдарды интернетте жариялауға, насихаттауға, таратуға тыйым салуды, дәлірегі, тыйым салынған контенттер тізіміне енгізуді әрі бұл тараптағы кез келген әрекетті терроризммен теңестіруде ұсынғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат