Әлемдік брендтердің жанталасы – «кемені су аларда алдымен егеуқұйрықтар қашады»
Әлемдік брендтердің жанталасы – «кемені су аларда алдымен егеуқұйрықтар қашады»
3 жыл бұрын 2077 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

AppleGoogle және өзге де әлемге әйгілі компаниялар жиған-терген байлығын қолма-қол ақшаға айналдырып жатыр. Екінші тоқсан соңында әлемнің қаржылық емес аса ірі компанияларының балансы 6,85 трлн долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде S&P рейтингісіне жөн сілтеген CNN ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемдік компаниялардың мұндай қадамы жұқпалы індетпен байланысты, дәлірегі, тәжді тажал вирусының қатері тым жоғары делта-штамы әлемдік экономикаға күйрете соққы беруі мүмкін. Осындай ықтималдылығы жоғары қатерді ескерген технологиялық алыптар өз балансында 460 млрд доллар жинап үлгерген. Бір ғана Amazon-ның өзі 90 млрд доллар, ал Facebook 64 млрд доллардан аса қаражатты өз балансына жинаған. Мұндай үрейлі қадамға тек технологиялық компаниялар ғана емес, сонымен қатар, өзге де салалардың қақпағын ұстағандар да барып жатыр. Мәселен, өткен жылдың желтоқсан айында Уоррен Баффетке тиесілі Berkshire Hathaway холдингісінің шотына 138,3 млрд доллар жиналған екен, ал шілде айының соңында бұл көрсеткіш 144,1 млрд долларға жеткен.

0 пікір
Мұрағат