Әлеуметтік желіде қауесетке жол бергендер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады
Әлеуметтік желіде қауесетке жол бергендер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады
3 жыл бұрын 1748 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі әлеуметтік желідегі теріс, жалған ақпаратпен күрес науқанын бастады. Дәлірегі, әлеуметтік желіде фактіні бұрмалап, жалған ақпарат таратып, қауесеттің пайда болуына кінәлі тұлғалар бір жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған ел билігінің тізгінін ұстаған Әділет және даму партиясы әзірлеген бұл тараптағы заң жобасына жөн сілтеген Türkiye ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сондай-ақ, аталмыш заң жобасында мемлекеттік жауапты қызметтегі лауазымды тұлғаларға, соның ішінде салмағы ауыр саясаткерлерге тіл тигізгендерге үш айдан екі жылға дейін бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Бұдан бөлек, түрік билігі әлеуметтік желіге бақылау орнатудың нақты тетігін іске қосады. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, аталған ел үкіметі бұқаралық ақпарат құралдарын қадағалау органының әрі ақпараттық және коммуникациялық технология басқармасымен бірге жұмыс істейтін «Әлеуметтік желі президиумын» құруы мүмкін. Осылайша Түркия да түрлі жалған ақпараттың алдын алу бағытында қатаң бақылау орнатуға қадам жасады. Десе де кей сарапшылар түрік билігінің бұл қадамын елдегі сөз бостандығын шектейтынын алға тартып отыр. Оның үстіне, қыр астында аса маңызды саяси дода тұр – 2023 жылы өтетін президент сайлауы. Бұдан бөлек, соңғы жылдары Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның беделі күрт төмендеп кетті ел арасында. Инфляция мен ұлттық валютаның құнсыздануы секілді әлеуметтік-экономикалық факторлар да халық наразылығын күшейтіп келеді.

0 пікір
Мұрағат