Қытай әлеуметтік желісі байлық пен сән-салтанатқа қарсы күресті бастап кетті
Қытай әлеуметтік желісі байлық пен сән-салтанатқа қарсы күресті бастап кетті
2 ай бұрын 521 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Florence Lo / Illustration / Reuters

Қытайдың жетекші әлеуметтік желілері «байлық пен сән-салтанатқа табынуды» дәріптейтін пайдаланушылар контентімен күресті бастағанын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде Weibo әлеуметтік желісі пайдаланушылардың қымбат көліктермен, сәнді үйлермен, мол ақшамен немесе қымбат тауарлармен бейнеленген жазбалары әлеуметтік желі саясатына сәйкес келмейтіні үшін жойылуы мүмкін екенін жариялады. Анықталғандай, бүгінге дейін 1100-ге жуық мұндай басылым жойылған. Осыған ұқсас мәлімдемелерді Tencent, Bilibili, Xiaohongshu әлемжелілері де жариялады. Сонымен қатар, Douyin қызметі «байлықты, материалдық құндылықтарды насихаттайтын және сәнді өмір салтының пайдасына зиянды салыстырулар жасайтын» бейнелер мен аккаунттарды бақылап, өшіретінін атап өтті. Бұған қоса, «қоғамдағы ауқатты өмірге тән артықшылықтарды тізбелеп, басқа әлеуметтік топтарды кемсітетін және/немесе келеке ететін» мазмұндағы жазбалар жойылады.

0 пікір
Мұрағат