Мысырдың газ экспорты рекордтық көрсеткішке жетті
Мысырдың газ экспорты рекордтық көрсеткішке жетті
1 жыл бұрын 1523 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биыл Мысырдың табиғи газ экспорты рекордтық көрсеткішке жеткен – 8 млн тонна. Бұл жайында islam.kz порталы Мысырдың мұнай және минералды ресурстар министрі Тарық әл-Молдаға жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Осы жылы табиғи газ экспорты шамамен 8,4 миллиард долларды құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 171 пайызға, яғни, 3,4 миллиард долларға артқан әлемде сұйытылған табиғи газдың экспорттық бағасының өсуі есебінен», - деп атылған ведомствоның Facebook  әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде. «Табиғи газ экспорты өткен жылғы шамамен 7 миллион тоннамен салыстырғанда 2022 жылы рекордтық 8 миллион тоннаға жетеді», - деді мұнай министрі. Сондай-ақ, ол Мысырдың газ және мұнай саудасының аймақтық орталығы ретіндегі маңыздылығының артуына байланысты Еуроодақ пен көршілес елдер Каирмен энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік танытып отырғанын жеткізді. Ведомство басшысы, сонымен қатар, Батыс шөл, Суэц шығанағы, Жерорта теңізі мен Ніл сағасында 53 жаңа мұнай және газ кен орындарының ашылғанын хабарлады. Мысырдағы табиғи газ қоры 2,2 триллион текше метрге бағаланады, ірі кен орындары солтүстік аймақтарда, Суэц шығанағы мен Батыс шөлінде орналасқан. Пирамидалар елі 2018 жылы газбен өзін-өзі қамтамасыз етуге көшті. Осы жылдың маусым айында Мысыр ЕО және Израилмен сұйытылған табиғи газды мысырлық СТГ зауыттары арқылы Израилден Еуропаға сауда, тасымалдау және экспорттау саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

0 пікір
Мұрағат