Әлемде халал тағам нарығы шапшаң өркендеп келеді
Әлемде халал тағам нарығы шапшаң өркендеп келеді
8 жыл бұрын 3265

Бүгінгі таңда халал тағамдарды тұтынатындар қарасы әлем бойынша 1,8 млн адамға жуықтаған. Ең бастысы, шариғат талаптарына сай әзірленген тағамдардың қарасы жылдан жылға жедел артып келеді. Бұл жайында Марокко елінің өнеркәсіп, сауда, инвестиция және сандық экономика министрі Мулей Хафид әл-Алами мәлім етті. Оның айтуынша, халал тағамдарды тұтынатындар қарасы жыл сайын 2,5-3%-ға артып отыр. Сондай-ақ, ол халал тағамдарды мұсылмандармен қатар мұсылман еместер де тұтынатынын жеткізді. Сапасы мен тазалық талаптарының сақталатындығы үшін. Айта кетейік, халал тағамдар нарығының әлеуеті жоғары, келешегі кемел. Ол бүгінгі таңда әлемдегі тағам өнеркәсібінің 16%-ын құрап отыр. Әлем бойынша халал тағамдарды өткізуден түскені табыс жылына 2,3 трлн долларға жеткен. Бұл жайында «SakhaNews» ақпарат агенттігі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат