Жалғыздықпен күресуге арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды
Жалғыздықпен күресуге арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды
2 жыл бұрын 1487 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапония билігі елдегі жалғызілікті азаматтардың басындағы қиындықты шешу үшін арнайы бағдарлама қабылдап, постиндустриялық кезеңнен кейін әлеуметтік дерт ретінде көрініс берген жалғыздықпен ұлттық деңгейде күресуге бел байлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта тәулік бойы жұмыс істейтін кеңес беру жүйесі құрылады, бұдан бөлек, жалғыздықтан жапа шегіп жүрген жандар өзара шйіркелесетін, жұмыс табуға көмектесетін түрлі сұхбаттасу алаңдары ашылады. Күншығыс елінің бұқаралық ақпарат құралдарының дерегінше, аталған арал елдің билігі жалғызілікті жапондардың нақты санын білу үшін халық санағын жүргізуді көздеп отыр. Тіпті, министрлер кабинетінде жеке хатшылық ашылған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, осы жылдың ақпан айында Жапонияда жалғыздық жөніндегі министрлік құрылған болатын. Аталған министрлік жалғыздықпен күрес шараларын жүргізіп қоймай, сонымен қатар, елдегі кедейлікті қадағалаумен әрі қарт кісілерге жәрдем көрсетуді үйлестірумен айналысады. Қазіргі уақытты аталмыш министрлікке елдегі туу көрсеткішін көтеру бағытында жұмыс істейтін министрлікті басқаратын Сейко Нода есімді азамат жетекшілік етеді. Жалғыздықпен күресуге күншығыс елінің билігі көптеген себептер бойынша барып отыр, соның ішінде, 2020 жылы өз-өзіне қол жұмсағандар қарасы соңғы 11 жылмен салыстырғанда күрт өсіп кетті. Тек өткен жылдың өзінде 21 мыңдай жапон азаматы суицид жасаған.

0 пікір
Мұрағат