Әлем экономикасы көмірден бас тартса, пайдаға бата ма әлде шығын көре ме, пайдаға батса, қанша табыс түсіреді
Әлем экономикасы көмірден бас тартса, пайдаға бата ма әлде шығын көре ме, пайдаға батса, қанша табыс түсіреді
2 жыл бұрын 1304 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: David W Cerny / Reuters

Көмір энергетикасынан біртіндеп, яғни, кезең-кезеңімен бас тарту арқылы әлем экономикасы шамамен 78 трлн доллар пайда көреді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) есебіне жүгінген ресейлік «Коммерсантъ» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Экономист сарапшылардың дерегінше, адамзат бұл жолға түссе, 2100 жылға дейінгі көмір энергетикасынан түсіретін табысы әлемдік жалпы ішкі өнімнің 1,2 пайызына эквивалент болмақ. Экологиялық тұрғыдан алғанда, лас отынды пайдалану айтарлықтай қымбатқа түседі. Көмір өнеркәсібінің әлеуметтік шығындары (бұл арада көмірқышқыл газынан болатын түрлі ауруларға байланысты денсаулық сақтау саласына кететін шығын айтылып тұруы мүмкін – ред.) атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының тоннасына шаққанда 75 долларды құрайды. Демек, әлем біртіндеп жасыл энергия мен жаңғыртпалы энергия көздеріне (ЖЭК) көшетін болса, бұл шығындарды азайтып, тіпті, «плюске» кіріп, 106,9 триллион пайда көруі мүмкін. ХВҚ бұл межеге қоршаған ортаға 29,03 триллион доллар көлемінде инвестиция салған жағдайда ғана қоол жеткізуге болатынын алға тартты. Нәтижесінде көмірден жаңғыртпалы энергияға көшудің пайдасы жаһандық экономикаға 77,89 триллион доллар әкеледі.

Ұқсас матерал: 

"Көмірді пайдаланудан рекорд орнатқан ел" (https://islam.kz/kk/news/alem/komirdi-paidalanudan-rekord-ornatqan-el-16470/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат