Бүйректегі ұсақ тастарды жоятын гидрогел пайда болды
Бүйректегі ұсақ тастарды жоятын гидрогел пайда болды
2 жыл бұрын 1533 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар негізгі отадан соң қалып қойған бүйректегі ұсақ тастарды жоятын гидрогел ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы fraunhofer.de ақпарат көзіне сілтеме жсай отырып мәлім етеді. Немістердің Purenum стартапының ғалымдары бүйрек ағзасында жиналып қалған тастарды жоюға арналған екі компонентті гидрогел ойлап тапқан. Бүйректегі ұсақ тастар әдетте табиғи жолмен, яғни, зәрмен сыртқа шығып кетуі тиіс дейтін сенім ақталмай тұр, есесіне олардың көлемі өсіп уақыт озған сайын ұлғая беруі мүмкін. Бұл процесс науқастың жанына батып, бүйректің қызметіне кедергі келтіреді. Ғалымдар бұл тарапта бүйректеггі тасты лазермен сындырғаннан кейін ірілерін алып тастайды, ал сақтары организмде бәрібір қалып қояды. Мұндай жағдайда эндоскопиялық жолмен көк түсті гидрогелді титтей фрагменттерге (бөліктерге) бөлу керек. Осыдан кейін сары түсті катализатор сұйықтығы қосылады. Екі зат бірігіп, барлық фрагментті қамтитын икемді гелдің бір кесегін қалыптастыратын болады. Содан соң оны қармап, зәр шығару жолдары арқылы денеден шығаруға болады. Ғалымдардың айтуынша, артынан бұл гелді ерітуге болады – тастардың фрагментн зерттеу үшін.

Ұқсас материалдар:

«Бүйректегі тасты отасыз жоюдың жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/buirektegi-tasty-otasyz-joyudyn-joly-tabyldy-16571/#gsc.tab=0)

mediNiK® im Einsatz: Das Hydrogel mit eingeschlossenen Nierensteintrümmern nach der Entfernung aus der Niere.

 

0 пікір
Мұрағат