«Ажал жастығы» қатаң сынға ұшырауда
«Ажал жастығы» қатаң сынға ұшырауда
2 жыл бұрын 2338 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Эвтаназия (өмірден өз еркімен кету) әлемде бірінші болып 1941 жылы Цюрихте (Швейцария) заңдастырылған елде ассистирленген суицид капсуласы пайда болды әрі ол заңдық сараптамадан өтті. Бұл жайында islam.kz порталы rusjev.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Эвтаназия туризмімен де аты шыққан бұл елде Sarco капсуласын екінші жүниеүзілік соғыста фашистердің концлагерінде азаптап өлтіруге арналған газ камерасымен салыстырып, мұндай машинаға тыйым салуды талап етіп жатқан белсенділердің наразылығы ескерусіз қалуда. 2019 жылы, яғни, айналдырған бір жылдың өзінде 1200-ден аса адам эвтаназия процедурасын қолданып, өмірден өз еркімен кеткен елде мейлінше қиналмай өлудің барлық амалы қарастырылуда. Сондай тәсілдердің біріне осы 3D-принтерінде жасалған капсуланы жатқызуға болады. Капсуланың жұмыс істеу принципі: өмірден өз еркімен кеткісі келетін адам капсулаға жатады, қажетті батырманы басады. Осыдан кейін жабық кеңістік іші азотпен толтырылады. Адам көп ұзамай инертті газдан есінен танады, ал құрылғыны құрастырушылардың айтуынша, адам тұншықпайды және жан тапсырар алдындағы жанталастан ада  болады. Адам көмірқышқыл газынан және оттегінің жетіспеушіліген өледі. Sarco атауы «саркофаг» терминінің қысқартылған нұсқасы. Sarco құрылғысын 2017 жылы эвтаназия процедурасын жақтайтын Филип Нитшка есімді белсенді ойлап тапқан.

Ұқсас материалдар:

«Тағы бір ел эвтаназияны заңдастырады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-el-evtanaziyany-zandastyrady-15928/#gsc.tab=0);

«Тағы бір ел эвтаназияны заңдастырды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-el-evtanaziyany-zandastyrdy-14752/#gsc.tab=0);

«Эвтаназия заңдастырылған елдер қатарына тағы бір мемлекет қосылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/evtanaziya-zandastyrylgan-elder-qataryna-tagy-bir-memleket-qosyldy-14546/#gsc.tab=0);

«Эвтаназияға қатысты референдум өтті» (https://islam.kz/kk/news/alem/evtanaziyaga-qatysty-referendum-otti-14345/#gsc.tab=0);

«Қасіретті өлім тағы бір елде заңдастырылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/qasiretti-olim-tagy-bir-elde-zandastyryldy-12679/#gsc.tab=0);

«Батыстан қараңғылығын ерткен бұл құбылыс та ақырын басып, Азияға келді» (http://islam.kz/kk/news/alem/batystan-qarangylygyn-ertken-bul-qubylys-ta-aqyryn-basyp-aziyaga-keldi-9846/#gsc.tab=0); 

«Ақырғы сапарға аттандыратын ажал туризмі: жат құбылыс етек алып келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqyrgy-saparga-attandyratyn-ajal-turizmi-jat-qubylys-etek-alyp-keledi-11546/#gsc.tab=0);

«АҚШ-тың тағы бір штатында эвтаназия заңдастырылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqsh-tyn-tagy-bir-shtatynda-evtanaziya-zandastyryldy-11995/#gsc.tab=0);

«Мұсылмандар эвтаназияға қарсы» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/musylmandar-evtanaziyaga-qarsy-2435/#gsc.tab=0);

«Ауыр күнәға апаратын процедураға рұқсат берілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/auyr-kunaga-aparatyn-protseduraga-ruqsat-berildi-1553/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат