Тағы бір ел эвтаназияны заңдастырады
Тағы бір ел эвтаназияны заңдастырады
3 жыл бұрын 2283 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Jair Lázaro / Unsplash

Австрия билігі емі жоқ ауыр дертке шалдығып, ұзақ уақыт бойы азап көріп келе жатқан науқастардың мына дүниеден өз еркімен кетуін (эвтаназия) заңдастыруға келісімін беріп отыр. Бұл арада бірден эвтаназия қолдану турасында сөз болып отырған жоқ – біртіндеп өлімге алып келетін дәрілердің өз еркімен өмірден кеткісі келетін, кәмелет жасына толған, айықпас дертке шалдыққан науқастардың сатып алуын заңдастырмақ. Осылайша әлемде эвтаназияны заңдастыратын тағы ел пайда болмақ. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырыпы мәлім етеді. Еуропадағы аталған елдің министрлер кабинеті қарастырған жанама эвтаназия туралы заң жобасы беті бері қараудан қалған пациентке өлімге алып келетін дәрі-дәрмекті ұсынуды ұйғарады. Эвтаназия құқығы тек пациенттің өзіне беріледі. Алайда, ол эвтаназияға жазбаша келісімін рәсімдеуі тиіс әрі екі дәрігердің (оның біреуі паллиативті медицинаға маманданған дәрігер болуы тиіс) мақұлдауы талап етіледі. Жанама эвтаназия кәмелет жасына толмағандарға (18 жас) рұқсат етілмейді. Эвтаназияға арналған медицрналық препаратты науқас дәріханалардан сатып ала алады. Дәріні жұта алмайтындарға өз бетінше зонд арқылы қабылдауына мүмкіндік беріледі. Австрия парламенті аталмыш заң жобасын желтоқсан айында қарастырады. Қабылданған жағдайда 2022 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап қолданысқа енеді.

Қарай отырыңыздар:

«Тағы бір ел эвтаназияны заңдастырды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-el-evtanaziyany-zandastyrdy-14752/#gsc.tab=0);

«Эвтаназия заңдастырылған елдер қатарына тағы бір мемлекет қосылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/evtanaziya-zandastyrylgan-elder-qataryna-tagy-bir-memleket-qosyldy-14546/#gsc.tab=0);

«Эвтаназияға қатысты референдум өтті» (https://islam.kz/kk/news/alem/evtanaziyaga-qatysty-referendum-otti-14345/#gsc.tab=0);

«Қасіретті өлім тағы бір елде заңдастырылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/qasiretti-olim-tagy-bir-elde-zandastyryldy-12679/#gsc.tab=0);

«Батыстан қараңғылығын ерткен бұл құбылыс та ақырын басып, Азияға келді» (http://islam.kz/kk/news/alem/batystan-qarangylygyn-ertken-bul-qubylys-ta-aqyryn-basyp-aziyaga-keldi-9846/#gsc.tab=0); 

«Ақырғы сапарға аттандыратын ажал туризмі: жат құбылыс етек алып келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqyrgy-saparga-attandyratyn-ajal-turizmi-jat-qubylys-etek-alyp-keledi-11546/#gsc.tab=0);

«АҚШ-тың тағы бір штатында эвтаназия заңдастырылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqsh-tyn-tagy-bir-shtatynda-evtanaziya-zandastyryldy-11995/#gsc.tab=0);

«Мұсылмандар эвтаназияға қарсы» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/musylmandar-evtanaziyaga-qarsy-2435/#gsc.tab=0);

«Ауыр күнәға апаратын процедураға рұқсат берілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/auyr-kunaga-aparatyn-protseduraga-ruqsat-berildi-1553/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат