|
Қытайда әкімшілік жазаның тағы бір түрі пайда болды
|
Қытайда 23 жастағы ер адам әкімшілік қамауға алынды және айыпкерге жазаның бұрын-соңды болмаған түрі қолданылды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін. Бұл жайында islam.kz порталы Jimu News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шенду қаласының Шенхуа ауданының полициясы Жен Моумоу есімді жігітті тұтқындады. Көп қабатты тұрғын үйдің төбесінен парашютпен секіргені үшін. Тек секіріп қоймай, қауіпті әрекеті бейнеленген видеоны әлеуметтік желіге жүктеген. Осылайша 60 мың жазылушысы бар ол аккаунтына шілде айының 1-і күні видеосын жариялаған. Интернетте «Какаши парашют спорты бойынша жаттықтырушы» деген лақап атпен танымал болған ол бұрын 2024 жылдың мамырында басқа пәтердің шатырынан парашютпен секірген бейнесін жариялаған. Ол парашют бойынша кәсіби нұсқаушы екенін айтып ақталғанымен полиция оның мұндай қауіпті әрекетке құқығының жоқтығын растады. Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік әкімшілігінің жазалау туралы заңда қарастырылған талаптарға сәйкес мұндай әкімшілік бұзақылыққа жол беріп, кінәлі деп танылған адамдар 15 күнге дейін қамауда ұсталуы мүмкін. Ең қызығы, оған әлеуметтік желіні пайдалануға біржолы тыйым салынған, яғни, өмір бойы әлемжеліні пайдалану құқығынан айырылды. Билік парашютпен биіктен секіру спортының Қытайда қатаң реттелетінін атап өтті. Қызмет тиісті агенттіктердің алдын ала мақұлдауын талап етеді және тек арнайы бөлінген орындарда ғана рұқсат етіледі. Қоғамдық ғимараттардан, әсiресе, қала орталықтарындағы немесе көпiрлердегi биiк ғимараттардан арнайы рұқсатсыз секiруге қатаң тыйым салынады. Полиция тұрғын үйлерден немесе халық тығыз орналасқан аудандардан заңсыз парашютпен ұсталған кез-келген адамның қылмыстық қудалауға ұшырайтынын ескертеді. Өйткені, мұндай спорт түрін тәжірибесі жоқ қоғам мүшелерінің қайталуы мүмкін. Салдары - ауыр жарақат алып мүгедекке айналу немесе адам өлімі. Сол себепті, оның мұндай видеоны жүктемесі үшін әлеуметтік желіні пайдалануына біржола тыйым салынып отыр.