2050 жылға дейін алжудан зардап шегетіндер қарасы 139 млн адамға жетпек
2050 жылға дейін алжудан зардап шегетіндер қарасы 139 млн адамға жетпек
3 жыл бұрын 2265 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Деменциядан (алжу) зардап шегетіндер қарасы әлем бойынша 2030 жылға қарай бүгінгі көрсеткіштен (55 млн адам) 78 млн-ға дейін артады. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл көрсеткіш 2050 жылға дейін 139 млн адамды қамтитын болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осы тараптағы баяндамасында келтірілген дерек осындай. ДДСҰ есебі бойынша 55 млн-нан аса адам (жасы 65-тен асқан әйелдердің 8,1%-ы, ерлердің 5,4%-ы) деменциядан зардап шегентін болады. Осы дертке шалдыққандар қарасының көбеюіне байланысты мүгедектікке төленетін қаржылай шығын да артады. 2019 жылы алжыған адамдарды күту әрі олардың денсаулығы үшін бөлінетін қары мөлшері әлем бойынша 1,3 трлн долларға жеткен. ДДСҰ есебі бойынша бұл сома 2030 ылы 1,7 трлн долларға, ал 2050 жылға қарай 2,8 трлн долларға жетпек. 

Деменция – жады нашарлап, ойлау қабілеті төмендейтін, адамның мінез-құлқын өзгертетін синдром. Негізінен қарт адамдар аталған дертке бейім келеді. Деменция ауруларының ішінде кеңінен тарағаны Альцгеймер ауруы (деменцияның кеңінен тараған түрінен зардап шегетіндердің қарасы - 70%).

Ұқсас материалдар:

«Ғалымдар намаз бен медитацияның миға әсерін салыстыра келе таңғажайып тұжырымға келді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-namaz-ben-meditatsiyanyn-miga-aserin-salystyra-kele-tangajaiyp-tujyrymga-keldi-15610/#gsc.tab=0);

«Альцгеймер, Паркинсон ауруларын тоқтатын тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-parkinson-aurularyn-toqtatyn-tasil-tabyldy-15512/#gsc.tab=0);

«Созылмалы аурудың алжуға ұрындыратыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sozylmaly-aurudyn-aljuga-uryndyratyny-belgili-boldy-15626/#gsc.tab=0);

«Алжу да жұқпалы дерт болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/alju-da-juqpaly-dert-bolyp-shyqty-13468/#gsc.tab=0);

«Жоғарғы қан қысымы алжу қатерін арттырады. Кез келген жаста» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jogargy-qan-qysymy-alju-qaterin-arttyrady-kez-kelgen-jasta-14558/#gsc.tab=0);

«Болашақта пайда болатын емі жоқ аурудың белгісі аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bolashaqta-paida-bolatyn-emi-joq-aurudyn-belgisi-ataldy-14856/#gsc.tab=0);

«Альцгеймер ауруынан қорғайтын ген табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-auruynan-qorgaityn-gen-tabyldy-15277/#gsc.tab=0);

«Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-qysymy-men-susamyr-mi-qurylymyn-ozgertedi-14102/#gsc.tab=0);

"Деменция" (http://islam.kz/kk/news/alem/dementsiya-11669/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат