2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
20 сағат бұрын 304 Материалды көшіріп басқанда Islam.kz сайтына гиперсілтеме жасалуы міндетті

Allied Market Research есебіне сәйкес жаһандық ислами қаржы нарығы 2033 жылы 7,7 триллион долларға жетеді немесе 10 жылдық кезеңде 12% -дық жылдық өсу қарқынын көрсетеді (CAGR). 2023 жылы әлемдік нарық 2,5 трлн долларды құрауы мүмкін, делінген хабарламада. Бұл жайында  islam.kz порталы asianbankingandfinance.net сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қолма-қол ақшасыз операциялар мен цифрлық банкингке жылдам көшу қарқыны исламдық қаржы нарығының өсуіне ықпал етті. Нақты уақыттағы төлем жүйелері, жасанды зерде арқылы алаяқтықты анықтау және тұтынушылардың артықшылықтарына басымдық беру сияқты факторлар нарықтың дамуын айқындайды, деп атап көрсетеді Allied Market Research. «Тәуекелді біріктіру моделдеріне баса назар аударып және пайыздық негізде несиелеу операцияларына гариғат талаптарына сай пайызсыз балама ұсына отырып, исламдық қаржы институттары халықтың жеткілікті қызмет көрсетілмейтін топтарын да қамтуда, әсіресе, мұндай науқан дамушы экономикаларда табысқа қол жеткізді», - деп атап көрсетеді Allied Market Research. Кей елдердің министрлер кабинеті, әсіресе, мұсылмандар қарасының көптігі мен негізгі қаржы орталықтары - енді қолайлы саясат, реттеу реформалары және стратегиялық бастамалар арқылы исламдық қаржыландыруды белсенді түрде ілгерілетуде. «Шариғат қағидаттарына сәйкес нақты құқықтық шеңберлер құра отырып, үкіметтер қаржы мекемелерін исламдық банк, инвестициялық және сақтандыру өнімдерін ұсынуға ынталандыратын қауіпсіз орта құрады», - делінген құжатта. Нақты қауіп-қатерді төмендету үшін қаржы мекемелері жасанды зерде негізінде алаяқтықтың алдын алуға және блокчейн негізінде қауіпсіз транзакцияларға айрықша назар аударып отыр.

0 пікір
Мұрағат