Еуроодақ бес елдің инвестицияға бола азаматтық беруді доғаруын сұрады
Еуроодақ бес елдің инвестицияға бола азаматтық беруді доғаруын сұрады
Кеше 265 24.kz

Еуроодақ Кариб теңізіндегі бес мемлекеттен инвестиция үшін азаматтық беруден бас тартуды талап етті, деп хабарлады 24.kz ақпарат көзі The Washington Post басылымына сілтеме жасай отырып.

Талап Антигуа және Барбуда, Доминика, Гренада, Сент-Китс, Невис пен Сент-Люсия елдеріне қатысты. Бұл елдер бағдарлама аясында осы уақытқа дейін 100 мыңнан астам төлқұжат берген. Яғни, олардың экономикасына инвестиция құйған немесе мемлекеттік бюджетке тікелей қаржы аударған шетелдіктер төлқұжат ала алады. Ал төлқұжаттар 140-тан астам мемлекетке, соның ішінде Еуропа елдерінің басым бөлігіне визасыз кіруге мүмкіндік береді.

Инвестицияның ең төменгі мөлшері – 200 мың доллар. Еуроодақ бұл бағдарламаларды тоқтатуға 2028 жылдың 1 маусымына дейін уақыт берді. Брюссель талап орындалмаған жағдайда аталған елдердің азаматтары Еуроодақ аумағына визасыз кіру құқығынан айырылатынын ескертті.

0 пікір
Мұрағат