Қырықтан соңғы иманым,
Отыз жылдай жиғаным,
Көп ғалымның сөзiнiң
Ақылға алдым сыйғанын.
Молдалардың әдiсiн,
Пайғамбардан хадисiн,
Әулиелiк жадысын –
Алмадым ақыл тыйғанын.
Айтса да қандай ғалым зат,
Дәлелсiз болса, бәрi – оғат.
Даусыз таза хақиқат,
Жолында жанды қиғаным.
Үйретсем иман адамға,
Әлiмге, мейлi наданға,
Қолы жүйрiк, көзi өткiр,
Көңiлi соқыр шабанға.
Түзетсем оның тiлегiн,
Тiрiлтiп өлген сүйегiн,
Жұлып алсам жүрегiн,
Кеудесiн басып табанға.
Айқын аққа сенбейдi,
Терiс деп дәлел бермейдi,
Көкейiне енбейдi,
Құлағына құйғаным.
Бiлмеймiн деген иман ба,
Ол ақылға сыйған ба,
Айтудан ақыл тиған ба,
Жасырады иманын.
Философ сөзiн оқыдым,
Талайын ойға тоқыдым,
Кiтабын да көргемiн,
Әулие мен сопының.
Бәрiн де сынға саламын,
Керектiсiн аламын,
Ашып алып тастадым,
Таз басының қотырын.
Саяз ақыл бас ұрған,
Мақтауын көктен асырған,
Жаба тоқып жасырған,
Талайдың жардым шиқанын.
Ақылдан адас қалмайым,
Дәлелсiз сөздi алмайым,
Бос жетекке бармайым,
Көтермеймiн қиқаңын.
|
"Дәлелсіз сөзді алмаймын"
|
Өзекті мақалалар
■
Адамдарға алғысы жоқ пенденің Алла шүкірін қабыл етпейді
■
Пайғамбарымыз ﷺ жасалған жақсылықты ұмытпайтын
■
Ғұлама Әбуль-Хасанат әл-Ләкнәуи – қырыққа толмай жатып кемеңгерлікке жеткен ғұлама
■
Юсуф әл-Қардауи: «Әшғари мен Мәтуридилерді адасқан деу — бүкіл үмбетті адасушыға шығарумен тең!»
■
«Домбыраны шайтанның бір жеріне ұқсату Исламның тағылымына қайшы, өте оғаш тірлік!»
Көп оқылғандар
■
Фото: Ғаззаның ортасында 300 жұп бір мезгілде үйлену тойын өткізді.
■
«Амалдарыңды жойып алмаңдар!»: Аяттан тағылым
■
Ғұлама Әбуль-Хасанат әл-Ләкнәуи – қырыққа толмай жатып кемеңгерлікке жеткен ғұлама
■
Юсуф әл-Қардауи: «Әшғари мен Мәтуридилерді адасқан деу — бүкіл үмбетті адасушыға шығарумен тең!»
■
«Домбыраны шайтанның бір жеріне ұқсату Исламның тағылымына қайшы, өте оғаш тірлік!»