Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ер жүректігі мен батырлығы
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ер жүректігі мен батырлығы
4 жыл бұрын 4182

Расулалла (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) өзінің ұлы тұлғасына сай ер жүректік пен батырлықтың үлгісі еді (аты затына сай ер жүрек батыр еді).

Ұлы хижрет кезінде Мекке мүшріктері (пұтқа табынушы) үйін қоршап, оны өлтіруге келген сәтте, еш қорықпастан есігін ашып, қолына алған бір уыс топырақты, мүшріктер оны көре алмасын деген мақсатта, «Ясин» сүресінің алғашқы аяттарын оқи отырып, оларға шашып жіберіп, үйден шығып кеткен еді[1].

Сәуір үңгірінде Әбу Бәкірді «Қорықпа, Алла бізбен!» - деп жұбатқан етін.

Он жеті жасында көкесімен бірге Йемен сапарына шыққанда, жазық даладан асау, жабайы болып кеткен бір түйе көреді. Жас Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) сол мезетте алдынан шығып, түйені ноқтасынан ұстап алған еді.

Әзіреті Әли (радиаллаһу анһ):

"Бәдірде ойран-асыр соғыс жүріп жатқан кезде, біз кейде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) артына тығылып, соғысатын едік. Ол барлығымыздан батыл еді. Жауға ең жақын жүретін де Сол еді[2]" - деген.

«Хұнайын» соғысында Ислам әскерлері жаудың шабуылына қарсы төтеп бере алмай, кері шегінуге тура келді. Бірақ, Алла елшісі (с.а.у.) алған бетінен қайтпай, тұлпарымен алға ұмтылған еді. Дұшпандар оны жан-жақтан қоршауға алған еді. Сол оқиғаның ортасында жүрген Бәрадаштан қасындағылар:

«Сол күні сен де кері шегінгендер қатарында ма едің?» - деп сұрағанда, Ол:

«Иә, мен де кері шегінгендер қатарында едім. Бірақ, Әзіреті Расулалла (с.а.у.) орнынан бір табан да кері шегінбеді. Соғыс өрті өрши түскен кезде, барлығымыз Пайғамбардың (с.а.у.) маңайын паналадық. Оның қасында тұру үлкен батылдық қуаты еді», - деп жауап берді[3].

Әзіреті Әнәс ибн Сәбит (радиаллаһу анһу) айтады:

"Арамыздағы ең батылымыз Әзіреті Пайғамбар (с.а.у.) еді. Бір күні Мәдинада жаудың қалаға кіргендігі жайлы хабар тарады. Барлығы қорғанысқа дайындала бастаған еді. Бірақ, Расулаллаһ (с.а.у.), сол мезетте тез қимылға көшіп, атқа жайдақ секіріп мініп, қаланың жау басып алды деп айтылған жағына қарай шаба жөнелді. Алла елшісі (с.а.у.) жан-жақты өзі тексеріп, одан соң кері оралып, қорыққан халықтың қорқынышын басқан еді"[4], - дейді Әнәс ибн Сәбит.

Құрайыштың Оның немере ағасына "оны қорғады" деп, жариялаған қыспағы үш жыл бойы үздіксіз жалғасса да Ол үйінде намазын оқып, жасырынбай Құранын оқып, мүшріктерге іс жүзінде осылай қыр көрсеткен еді.

Бұнымен қатар, Оның мүшріктердің көрсеткен зорлық-зомбылығынан сахабаларды қорғап, мүшріктер өлтіріп қоймасын деп, оларды (сахабаларды) Хабешистанға (эффиопия) жіберіп, өзі Меккеде қалып зұлымдықтарына төзуі, сондай-ақ, жан-тәнімен өзін қорғаған немере ағасы Әбу  Талиб пен аяулы жұбайы Әзіреті Хадишаның (радиаллаһу анһ) қасынан қайтыс болғандарына дейін айырылмай, тіпті достарының көбісі Мәдинаға көшіп кетіп, Меккеде жалғыз қалғанына қарамастан күнде Кағбаға барып құлшылығын жасауы, Құран оқуын жалғастыруы – Оның ер жүректілігі мен батырлығын көрсететін ерекшеліктер.

Пайғамбарымыздың ер жүректігімен қатар «нәждәт» деген сипаты бар еді. Нәждәт – қорқыныш пен қауіп-төнген кезде сабыр мен салмақтылық көрсету, үрейден лайықсыз істер жасамау дегенді білдіреді.

Меккеде Құрайы мүшріктері Оның үйін қоршап, қылыштарын шығарып өлтірмек болғанда ол еш қорықпастан есігін ашып, мүшріктердің бастарына топырақ шашып, Ясин сүресінің алғашқы аяттарын оқып, араларынан сытылып шығып кеткен еді. Алейһис салату уә сәлләм!

"Пайғамбарымыз (с.а.у.) және оның күнделікті іс-әрекеттері" атты кітаптан.



[1] Ибн Һишәм, Сира. ІІІ, 173-174.
[2] Ахмед ибн Хәнбәл, Мүснәд. І, 126.
[3] Имам Мүслім, «Жиһад», 28 баб.
[4] Сахих Бұхари; Ахмед ибн Ханбал, Мүснәд. ІІІ, 185; Ибн Саъд, Абақат, І, 373.

0 пікір